- Басты
- Жаңалықтар
- Күршім ауданында ішкі нарық жергілікті өнімдермен қамтамасыз етіледі
Күршім ауданында ішкі нарық жергілікті өнімдермен қамтамасыз етіледі
ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаев айтып өткендей, осы уақытқа дейін аудан тұрғындары сырттан әкелінген сүт, ет өнімдері мен көкністерді тұтынып келген. Бірақ, биылғы жылдың тамыз айынан бастап ауданда етті өңдеп, шұжық және консерві шығаратын цех өз жұмысын бастайды. Сондай-ақ, 50 және 100 бас сауын сиырға арналған екі сүт фермасының құрылысы да аяқталады.
– Ауданда Елбасының 5 институционалдық реформасы Ұлт Жоспары «100 нақты қадам» стратегиясындағы экономикалық өсімге бағытталған қадамдарды іске асыруға аса үлкен екпін жасалып отыр. Алдағы уақытта ауданда өндірілетін ет, сүт өнімдерін сыртқа экспортқа шығармастан бұрын, ішкі нарықты қамтамасыз етуді көздеп отырмыз, – деді Сейсенғазы Чукаев.
Бұдан бөлек аудан басшылығы өзге аймақтардан әкелінетін көкөніс өнімдерін де жергілікті көкөніспен алмастырмақ. Тіпті, ауданда орналасқан әскери бөліммен келісімшартқа отырып, жыл көлемінде табиғи, сапалы көкөніспен қамтамасыз етуге келіскен.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр -
ҚМ: Жалпы ішкі өнім 2,6%-ға төмендеді -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам»