• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылағаш су қоймасын толық қалыпқа келтіру 2014 жылға жоспарланған – А. Мұсаханов

Қызылағаш су қоймасын толық қалыпқа келтіру 2014 жылға жоспарланған – А. Мұсаханов

22 Қараша, 2013 13:15
Алматы облысында 2014 жылы Қызылағаш су оймасын қалыпқа келтіру жоспарланып отыр, деп ОКҚ-нің баспасөз отырысында Алматы облысының әкмі Аңсар Мұсаханов мәлімдеді.

«Қызылағаш плотинасының екі ұдайлық жағдайы 1700 га алып жатыр. Бүгінгі таңда су қоймасына су тартылмады, себебі біз барлық құжаттарды жинап су шаруашылығының комитетіне тапсырдық. Қазір іс республикалық деңгейде қолға алынды. Жол мен электр жүйесі тартылды. 2014 жылы Қызылағаш су қоймасының толық қалыпқа келуі жоспарланып отыр»,-  деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Алматы облысында 2010 жылы Қызылағаш су қоймасы қардың еруіне байланысты тасыған болатын. Ол суару суының тапшылығына әкелді, фермерлер егін алқабын 5 есеге қысқартты.

Барлық жаңалықтар