- Басты
- Жаңалықтар
- Қазпочта онлайн төлем бойынша ерекше қызметті іске қосты
Қазпочта онлайн төлем бойынша ерекше қызметті іске қосты
Компания хабарлағандай, енді Ұлттық порталды пайдаланушылар қазақстандық компаниялардың кез-келген қызметтерін кез-келген VISA банк карточкалары арқылы Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген кез-келген банктегі заңды тұлғаның есеп-шотына төлей алады.
«Біз Қазақстандағы электронды коммерцияны дамытуға арналған үлкен қадам жасадық. Бұған дейін бизнес интернет-эквайринг қызметтеріне арналған онлайн төлемдерді қабылдауы үшін банкпен келісімшарт жасауы қажет болатын және бұның бәрі көп уақытты алатын. Қазір бұл міндетті емес, өйткені Қазпочта қандай да бір шектеулерсіз интернеттен төлемдер қабылдау мүмкіндігін ұсынып отыр»,- деп атап өтті «Қазпочта» АҚ IT жөніндегі бас директоры Нариман Мұқышев.
Қызметтер үшін төлем қабылдау үшін заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге (банк, университет, балабақша, және т.б.) интернет-магазин, онлайн есеп-шот (кошелек) немесе өз сайтында интернет-эквайринг жүйесінің бар болуы қажет емес. Бастысы, клиенет төлемдерді жүргізу үшін барлық қажетті деректемелерді: ЖСК, БСН, БСК, сонымен қатар коммуналдық қызметтерді төлеу кезінде – дербес шотты, оқуға төлем жасау кезінде – топ нөмірін, несие төлеу кезінде - келісімшарт нөмірін білуі тиіс.
Заңды тұлғаларға www.post.kz порталында «Salem, Online!» қызметі арқылы төлем қабылдауы үшін «Қазпочта» АҚ келісімшарт жасау талап етілмейді.
Төлем 16:30 сағатқа дейін жүргізілген жағдайда төлем сол жұмыс күні түседі, аталған уақыттан кейін жүргізілген барлық төлемдер келесі жұмыс күніне өтетін болады. Сондай-ақ, демалыс күні жүргізілген төлем бірінші жұмыс күні өңделетін болады.
Кез-келген төлем үшін ұсталатын комиссия төленетін соманың 0,5%-ын (ең кемінде 150 теңге, ең көп дегенде 1000 теңге) құрайды. Комиссия сомасы ескерілген ең көп рұқсат етілетін төлем сомасы 300 мың теңгені құрайды.
«Salem, Online!» қызметі мынадай мүмкіндіктерді ұсынады: есеп-шотты толтыру немесе несиені өтеу;оқуға, емделуге төлем жасау;сақтандыру жарналарының төлемдері; коммуналдық қызметтер төлемдері;басқа да қызметтер мен тауарлардың біржолғы төлемдері.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды