- Басты
- Жаңалықтар
- «KADEX-2016» көрмесінде 100-ден аса қазақстандық компания ұсынылады (ФОТО)
«KADEX-2016» көрмесінде 100-ден аса қазақстандық компания ұсынылады (ФОТО)
«KADEX-2016» халықаралық көрмесінде 100-ден аса қазақстандық компаниялардың әскери өнімі ұсынылмақ. Іс-шара аясында қонақтар мен қатысушылар қорғаныс секторы кәсіпорындарының тың әзірлемелерінің экспозициясымен танысып қана қоймай, олардың іс-әрекеттегі жауынгерлік мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік алады. Көрмеге өздерінің өнімін жабық павильондар мен ашық алаңдарда ұсынатын әр елден 300-ге жуық компания, сондай-ақ 100-ден аса қазақстандық кәсіпорын қатысатын болады.
Қазақстандық зауыттармен шығарылатын өнім қазіргі заманғы тактика-техникалық сипаттамаларға жауап береді және жеке меншік әзірлеменің инновациялық технологияларын қамтиды. Мәселен, «KADEX-2016» көрмесінде халықаралық нарыққа шығуды жоспарлап отырған қазақстандық компания «Семей инжиниринг» АҚ ұсынылады. Бұл бағытта отандық кәсіпорынның жоспарларына Т-72 танктерін, жаяу әскердің ЖӘЖМ-1 ұрыс машиналары мен БТР-70 броньды транспортерларын іске асыру кіреді.
Бұл броньды танкті техниканы жөндейтін және әскери және әскери-инженерлік техниканың базасында конверсиялық техниканы дайындайтын Қазақстандағы бірден-бір зауыт. «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС «Арлан» минаға қарсы қорғанысы бар броньдалған автомобильді, арнайы әскерлер мен арнайы мақсаттағы жауынгерлерге, сондай-ақ әскери полицияға арналған ұрыс дөңгелекті машинасын ұсынады. Ұзындығы 6,5 м, биіктігі – 3 м, ал барынша жылдамдығы 120 км/с броньдалған жол таңдамайтын көлік лаңкестік актілерде қолданылатын өздігінен жасалған бомбалардан толық қорғалған. Мұндай техниканың шығарылуы - бұл әлемдегі қарудың дамуының заманауи үрдісін ескере отырып, тәуелсіз қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін қалыптастыру үрдісіндегі жаңа кезең.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «Арлан» секілді оқ ату мүмкіндіктері бар техниканың баламасы жоқтың қасы. Одан басқа, Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, ӘШҚҚ жүйелері мен құралдары, арнайы мақсаттағы құралдар мен мүлік, IT-технологиялар, байланыс жүйелері мен құралдары, тылдық және техникалық мүлік ұсынылатын болады. Көрме қорғаныс өнеркәсібі саласындағы соңғы жетістіктерді көрсетудің керемет мүмкіндігі болып табылады. 2010 жылғы көрменің қорытындысы бойынша 1,5 млрд. АҚШ доллары сомасында 10 ұзақ мерзімді құжат жасалды. Оған 156 компания, оның ішінде 86 отандық компания қатысқанын айта кетейік. Ал 2014 жылы көрме барысында қол жеткізілген уағдаластық 2,6 млрд. АҚШ доллары сомасында 31 ұзақ мерзімді құжаттың жасалуына түрткі болды. Қатысушы компаниялардың саны 300-ге, оның ішінде отандық компаниялардың саны 92-ге дейін ұлғайды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады