- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сұлтанов: Мемлекеттік сатып алу жүйесінде тәжірибе алмасу саланы дамыту үшін жаңа серпін береді
Б.Сұлтанов: Мемлекеттік сатып алу жүйесінде тәжірибе алмасу саланы дамыту үшін жаңа серпін береді
Мемлекеттік сатып алу бойынша 12-ші халықаралық форум барысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтып өткендей, елдер арасындағы тәжірибелер мен ойларды алмасу мемлекеттік сатып алу жүйесінің дамуына сепкі болады.
«Қазақстандық мемлекеттік сатып алудың даму тарихы 1998 жылы басталды, ол кездері арнайы заң қабылданған болатын. Осы жылдың басынан бастап мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң Қазақстанда да қабылданып, күшіне енді. Аталмыш заңды жетілдіру барлық халықаралық тәжірибе мен практиканы қамтыды. Үлкен көлемді жұмыстар жасалып бітті, Қазақстанның барлық мемлекеттік сатылым жүйесі электронды форматта. Бүгінгі күні біз өз тәжірибемізбен бөлісе аламыз. Қазір біз, көптеген жағдайлардың мамандар мен осы саладағы сарапшыларға қатысты екендігін түсінеміз. Сол себепті, менің ойымша, түрлі көзқарастар және тәсілдермен алмасу мемлекеттік сатып алу жүйесінің дамуына жаңа серпін беруге мүмкіндік береді»,-деді министр.
Үш күн ішінде форум қатысушылары мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалауда тәжірибелер мен практиканы талқылайтын болады.
Барлық елдер сатып алу жүйесінде өздерінің шараларын ұсынады деп күтілуде және оларды бір жыл ішінде міндетті түрде қадағалау керек болады.
«Сатып алуға ең жақсы болатыны– бұл мәселені шешу, нақты қажеттіліктерді қанағаттандыру. Сатып алу өзімен коммерциялық пайданы да әкеледі, оның ішінде көп кездесетіні жақсы келісім жасасу. Келесі – бұл тиімділікті арттыру үшін мотивация»,-деді Дүниежүзілік банктің жедел саясат және сатып алу саласының директоры Кристофер Марк Браун.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді