- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында құрылыс кластері құрылады
Ақтөбе облысында құрылыс кластері құрылады
Бекітілген келісім аясында Ақтөбе облысында 15 жергілікті компанияны біріктіретін құрылыс кластері құрылатын болады. Олардың құрамында құрылысшылар, құрылыс материалдарын шығарушылар, сапалы тұрғын үй және құрылысы арзанға түсетін жобалық ұйымдар бар. Тұрғын үй кластерін құру мен дамыту жұмыстарын облыс әкімдігі «ТҚЖБ» АҚ-ымен және Ақтөбе облысының кәсіпкерлік палатасымен бірге жүргізбек.
«Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысын дамытуға ерекше мән берді. Елбасының тапсырмасына орай біздің облыста соңғы 5 жылда 2,3 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы арқылы облыстың 19 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Облыстың тұрғын үй құрылысына 163 млрд. теңгеден астам сомадағы инвестиция тартылған. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша бағдарлама тиімді жүзеге асуда: салымшылар саны 17-ден 45 мыңға дейін артқан. Депозит портфелі 9-дан 25 млрд. теңгеге дейін өсті»,-деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Оның айтуынша, аймақта тұрғын үй кластерін дамытуға үлкен әлеует бар. Құрылыс индустриясы бойынша 10 мың адам жұмыс істейтін 1 400 кәсіпорын бар. 2011-шы жылдан бері әкімдік Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен несиелік және жас отбасыларға жалға пәтер беруді жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықта жұмыс жүргізіп келеді.
Өз кезегінде А.Жұмағұлов облыс басшылығын жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі