- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада өткен оқу далалық жиынға қатысқандардың 90 пайызы әскерде қызмет еткісі келді (ФОТО)
Астанада өткен оқу далалық жиынға қатысқандардың 90 пайызы әскерде қызмет еткісі келді (ФОТО)
Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде атап өткендей, жиынға қатысқандардың 90 пайызы әскери қызметке қажетті дағдыны алу және ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуге талпыныстары мен әзірліктерін танытты.
«Жиын барысында бозбалалар іс жүзінде бастапқы әскери дайындық сабақтарында алған теориялық білімдерін, сарбаздың міндеттері мен іс-қимылдарын орындауда шеберліктері мен машықтарын бекітті, қарумен және қарусыз саптық айла-тәсілдер мен қозғалыстарды орындау пысықталды», - деді Астана қаласы Білім басқармасының бастапқы әскери дайындық жөніндегі әдіскері Сергей Шарипов.
Оқушылар ротадағы ішкі тәртіп туралы түсінік алды, атыс қаруының материалдық бөлігін, одан оқ ату амалдары мен ережелерін, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын, жеке қорғаныс құралдарын қолдану ережелерін зерделеді. Жиын қорытындысы бойынша «Үздік роталар» аталымында №56 орта мектебінің 2-ротасы бірінші орынды, №35 және №52 орта мектептерінің 4 және 8-роталары екінші орынды өзара бөлісті, №63, 54 және 53 мектептерінің 11, 9 және 5-роталары үшінші орынды иеленді.
«Мектептердегі бастапқы әскери дайындық оқушыларға әрі қарай әскерге қызмет етуге орналасу кезінде көмектеседі», - деп Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Бақтияр Пернебеков атап өтті. Іс-шараның соңғы кезеңі жиын қатысушыларының көрсетпелі көрсетілімдері болды. Олар дефиле, қоян-қолтық ұрыс, взвод құрамында қарусыз саптық айла-тәсілдерді орындау, әскерилендірілген эстафета және т.б. паш етті. Естеріңізге сала кетейік, жиындар 11 мектеп пен 68665 әскери бөлімінің базасында өткізілді. Онда әскери қызметшілер оқушыларға әскери қызметтің беделі туралы айтып берді және қоян-қолтық ұрыстың машықтарын, жерді шартты лаңкестерден босатуды көрсетті, сондай-ақ әскери техника мен қару-жарақтың көрсетілімін көрсетті. Жиынға елорда мектептерінің 10-сыныптардың 2200-ден аса оқушысы қатысты.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді