• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Есімов: ЭКСПО инвестжобаларының есебінен қосымша 5 мың жұмыс орыны құрылды

А.Есімов: ЭКСПО инвестжобаларының есебінен қосымша 5 мың жұмыс орыны құрылды

16 Мамыр, 2016 16:21
ЭКСПО-ның инвестициялық жобалары қосымша 5 мың жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қоғамдық кеңестің отырысында.

«Инвестициялық жобалардың есебінен 5 мың жұмыс орыны құрылды»,-деді А.Есімов.

Осыған орай, құрылыс алаңдарында 10 мың жұмысшы жұмыс істеп жатыр, деп атап өтті ол.

«Бұдан бөлек, 30 мың адам Қазақстан бойынша кәсіпорындарда жұмыс істейді. Олар біздің нысандарға тауарлар дайындап жіберумен және қызмет көрсетумен айналысады. Нәтижесінде біз құрылыс жұмыс кестесіне шықтық»,- деді ол.  

Бұлардан бөлек ол, ЭКСПО-ны өткізу шығындарына 131 млрд. теңге оңтайландырылды, деп атап өтті.

Сонымен қатар ол, тіркеу құжаттарына сәйкес, 147 млн. еуро демеу қаржы тарту жоспарланып отырғанын да айтты.

«Бүгінгі таңда қазақстандық және шетелдік компаниялардан 100 млн. еуро түсті. Бұдан бөлек, 244 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл ЭКСПО нысандарының құрылысына, ЭКСПО төңірегіндегі нысандардың құрылысына, қатысушылардың  тұрғын үйлеріне жұмсалады, ал, кейін ол үйлер астаналық тұрғындарға берілетін болады»,-деді ол. 

Барлық жаңалықтар