Астана оқушылары «Еуропа күні» шарасына қатысты

16 Мамыр, 2016 15:18
«Еуропа күнін» мерекелеу аясында Астананың 28 орта мектебінде Қазақстандағы ЕО өкілдері ЕО елшілері мен дипломаттарымен бірігіп «Еуропа күнінің сағаты» тақырыбында дәріс өткізді.

Еуроодақ елшісі, Эстония, Греция, Франция, Латвия, Италия, Венгрия, Польша мен Швеция  елшілері ағылшын, француз, неміс тілдедірнде Еуропалық одақтың құрылу тарихын, оның жетістіктері мен экономикасы, саясаты туралы ЕО құрамына енетін әр елдің айырмашылығы туралы айтылды.

Шара мақсаты – астаналық оқушыларды ЕО қызметімен мейлінше жақынырақ таныстыра отырып, Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастығы туралы айтып беру болып табылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқушылар үшін білім беру іс-шаралары Қазақстандағы ЕО өкілдігімен Астана әкімдігінің білім беру бөлімімен бірлесіп, өткен жылы да өткізілген болатын.

Ал бүгінгі дәрісті жүргізген еліміздегі Еуропа Өкілдігінің басшысы, Елші Траян Христеяның пікірінше, мұндай бастамалар оқушылардың білім алуға деген құштарлығын арттырып, қызығушылығын оятатын көрінеді.

«Еуропа күні сағаты» жыл сайын оқушыларда үлкен қызығушылық тудырады. Біздің лекциялар тең білім беру сипатына ие екендігі сөзсіз. Сонымен бірге Қазақстан мен Еуроодақтың ынтымақтастығының дамуына көмектеседі. Көптеген балалар өз білімін Еуропада алуға ниеттеніп отыр, бүгін де пікірталас барысында біздер осы тақырып бойынша көптеген сауалдарға жауап бердік» – дейді ол.

Ағылшын және басқа да шетел тілдерін еркін меңгерген Астана мектептерінің оқушылары бірнеше күнге созылған шаралар аясында Еуропа мәдениеті мен тарихы туралы пікірталастарға белсенді қатысуда.

Сондай-ақ қатысушыларға ЕО мен Қазақстан арасында 2015 жылғы 21 желтоқсанда қол қойылған кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді талқылау мүмкіндігі берілді. Ал сабақ соңында ең белсенді оқушылар ЕО және оған мүше мемлекеттер атынан сыйлықтар мен кәдесыйлармен марапатталды.Айта кетейік, осы кезге дейін қаладағы 28 орта мектепте Қазақстандағы ЕО өкілдігі ЕО мүше мемлекеттердің елшілері және дипломаттарымен бірлесіп «Еуропа күні сағаты» тақырыбына лекциялар өткізген болатын.

Айта кетейік, Еуропа күні — Еуропалық одақ елдеріндегі жыл сайын өткізілетін бейбітшілік пен бірлік мерекесі. Еуропа күні 9 мамыр күні мерекеленеді, Бұл мерекені атап өту Шуман Декларациясына қол қойылған кезден басталады, өйткені осы декларацияның арқасында Еуропаға бейбітшілік әкелді және Ероупалық Одақтың құрылуына себепші болды. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақ– 28 мемлекеттің экономикалық және саясибірлестігі. Еуропа күнінің мерекесі ту, әнұран және ортақ валюта – евромен қатар Еуропалық одақтың ажырамас рәміздерінің бірі болып табылады. 

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар