- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде ҰБТ тапсыратын жаңа пункт ашылды
Ақтөбеде ҰБТ тапсыратын жаңа пункт ашылды
2016-шы жылы ақтөбелік мектеп бітірушілер ҰБТ-ті жаңа пунктте тапсырады. Мұнда тест тапсырушыларға барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Жаңа пунктте барлық аудиториялар санитарлық-гигиеналық және техникалық талап нормаларына сай.
Б.Сапарбаев Мемлекет басшысының білім саласының дамуына, қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті болуына ерекше назар аударатынын атап өтті. Сондай-ақ ол өскелең ұрпақтың жақсы білім алуы үшін жыл сайын жаңа білім нысандары пайдалануға беріліп жатқанын да тілге тиек етті.
«Оқушылардың білім сапасын арттыру, үш ауысымда оқытатын және апатты жағдайда мектептерді жою, балабақшалар салу – бұл басым міндеттер. Аймақта соңғы үш жылда білім саласын дамытуға 164 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, 6 910 орынды қамтитын 30 жаңа мектеп салынды. Бүгін ҰБТ тапсыратын жаңа пункт пайдалануға беріледі. Мұнда мектеп бітірушілер үшін барлық жағдай жасалған. Аталмыш пунктте биыл мектеп бітіретін Ақтөбе қаласының 23 мектебінің 1 058 оқушысы бекітілді. Олардың 878-і ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Соңғы 5 жылда Ақтөбе облысының мектеп оқушылары білім сапасының жоғарлағанын көрсетіп келеді»,-деді Б.Сапарбаев.
Облыс әкімі салтанатты шарада мектеп бітірушілердің жетістігі педагогтардың қызметіне көп байланысты екенін де атап өтті.
Аймақ басшысы оқушылардың психологиялық дайындығы Ұлттық біріңғай тест тапсыруда маңызды аспект екенін еске салды. Б.Сапарбаев ұстаздар ата-аналар сияқты балаларға емтихан кезіндегі күйзелістен шығулары үшін барынша жағдай жасаулары керек, деп ескертті.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр