- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Қызылорда облысында 4,5 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады
Биыл Қызылорда облысында 4,5 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады
Сынақ тапсыруға ниет білдіргендердің басым бөлігі жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша мамандықтарды таңдауда. Айта кетейік, 37 мектеп бітіруші Ресей, Грузия, Қазақстан, Оңтүстік Корея мемлекеттерінде халықаралық ғылыми жобаны қорғау арқылы мемлекеттік оқу гранттарын алдын-ала жеңіп алды. Бұл мектеп бітірушілер министрліктің бұйрығы негізінде ҰБТ-ден босатылатын болады.
Облыста 9 ҰБТ өткізу пункті жұмыс жасайды. 7-і аудан орталықтарында, 2-і Қызылорда қаласында орналасқан. Олардың барлығы да Ереже талаптарына сәйкес жабдықталуда. Мектеп бітірушілер ай сайын 2-3 реттен ҰБТ өткізу пунктінде және мектептің базасында айына 4 реттен сынама тест тапсыруда. Сынама тест қорытындылары ата-аналармен бірге талданып, төмен болған жағдайда дайындықты күшейту, жақсарту шаралары қарастырылып келеді. Бүгінгі күнгі сынама тест бойынша облыстың орташа балы 88,3-ті құрап отыр. «Алтын белгіге» 352, «Үздік аттестатқа» 135 оқушы үміткер.
Арал ауданындағы «Қамбаш», Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» қосымша білім беру орталықтары мен Сырдария ауданындағы «Жалын», Жаңақорған ауданының «Тау самалы» оқушылар тынығу лагерінің базасында 3108 түлек дайындық курсынан өтті. Оған 76 млн 756 мың теңге қаржы қаралған. Мектеп бітірушілердің аз қамтылған отбасы балалары үшін сынама тест кітапшаларын сатып алуларына жергілікті бюджет есебінен 22 млн қаржы бөлінді.
“Мен соңғы бір апта ішінде барлық аудандарда болып, ұстаздар мен мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, пікірлестім. Оқушылардың көңіл-күйі көтеріңкі. Ендігі мақсат жауапты мекемелер балаларды тасымалдау, тамақтандыру мен қауіпсіздік және тест тапсыратын орындардың 100 пайыз дайындығын қамтамасыз етулері қажет. Сонымен қатар, психологтар түлектермен жұмысты күшейтуі тиіс”, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді