- Басты
- Жаңалықтар
- Жетекші швед компаниялары ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады
Жетекші швед компаниялары ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады
Швед Патшалығына ЭКСПО-2017 Комиссары Рапиль Жошыбаев сапары барысында Швецияның іскерлік тобындағы басшылары және төрағаларымен кездесті.
Ericsson швед телекоммуникация корпорациясының вице-президент Иан Абрамсановпен келіссөз барысында екі жақ ынтымақтастық, тәжірибемен алмасу және ЭКСПО-2017 көрмесі аясында жобаларды іске асыру мәселесін талқылады.
И.Абрамсон өз сөзінде түрлі саладағы әлемдік компаниялар таза және энерго үнемді технологияларды қолдануға көшіп жатқандығын және аталмыш мәнмәтінінде астаналық көрме тақырыбының өзектілігін айтып өтті. Қазақстандық делегат үшін Ericsson-ның «жасыл» технология саласында жаңа зерттемелері таныстырылды.
Компания басшысының айтуынша, аналогиялық зерттеулерді астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстыру жоспарланған. Р.Жошыбаев И.Абрамсонды алда өтетін Астана экономикалық форумына шақырды, оның аясында «Инновация және ЭКСПО-2017 көрмесінің технологиялары» атты панельді сессия ұйымдастырылады.
Сөз барысында ЭКСПО-2017 Комиссары «IFL Entrepreneur AB» компания тобының президенті Кристер Ферлингпен «жасыл» энергетика саласында бизнес топтардың қатысуы Қазақстан мен Швецияның жаңа деңгейге шығуына септігін тигізетіндігін айтып өтті.
ЭКСПО-2017-де туристік пакеттерді іске асыру мен Қазақстанның туристік потенциалын скандинавия елдерінде жылжыту мәселесі Швецияның Orienttours ірі саяхат агенттігінің басқарушы директоры Дон Джайтилекпен кездесу барысында талқыланды.
Сондай-ақ, сапар барысында атақты швед саяхатшысы Кристиан Бодегренмен кездесу болды, ол «Ұлы Жібек жолымен» түйемен саяхат жасап, әлем рекордын жасамақ. Ол өз саяхатында күн панелін қолданатындығын және «Болашақ энергиясы» атты астаналық көрменің тақырыбын жылжытатындығын айтып өтті.
-
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды -
Қай пратиялар сайлауға қатысады, тіркеу қашан басталады -
Шерзод Пулатов: Сайлауға Ассамблеяның қызметіне, еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтар қатысады -
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Парламент сайлауына қатысады -
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Мәжіліс сайлауына қатысады -
Astana Hub Қазақстан мен ТМД-дағы IT-компаниялары арасында байқау жариялады. Талаптары қандай -
Праймериз: Іріктеуге кімдер қатысады, өту тәртібі қандай/Үміткерлерге қандай талаптар қойылады -
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады -
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады - А.Аймағамбетов -
Түркістанда ҰБТ-ға 18 634 түлек қатысады -
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады -
Коронавирус салдарынан отандық әуе компаниялары 235 млрд. теңге шамасында табыссыз қалды -
Қ.Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады