- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында үздік педагог анықталды (ФОТО)
Ақмола облысында үздік педагог анықталды (ФОТО)
Облыстық конкурсқа қатысуға 18 педагог өтініш білдірді.
Конкурстық марафонға дәстүрлі түрде үш кезеңнен тұрды: «Менің кәсіби ұстанымым» атты оқытушының өзін-өзі таныстыруы;шебер-сынып;мұғалімнің шығармашылық зертханасы (қатысушы қызметінің көркем көрінісі, сабақтарының авторлық, ғылыми-әдістемелік әзірлемелері, оқу бағдарламалары, құралдары, оқу-әдістемелік кешендері және т.б. болуы);
Сонымен қатар қазылар алқасымен қатысушылардың портфолиосы және «Мен- заманауи педагогпын» тақырыбында эссе жазу қарастырылды және бағаланды.
Осы жылы конкурс өзінің бірінші мерейтойы – 5 жылдығын тойлап отыр! Бұл таланттар сайысы педагогикалық шеберлік пен озық тәжірибенің нағыз мектебі, педагогикалық практикадағы барлық үздіктерді тарату орталығы атанды.
Биылғы конкурсты ұйымдастырудың ерекшелігі «Үздік педагог» Республикалық атағының иегерлері Р.Т.Нарбаеваның (Чаглинка с. Агробизнес колледжі, 2012 жыл), А.В.Семкиннің (Щучинск қ. Жоғарғы колледжі, 2013 жыл) конкурс қатысушылары үшін озық педагогикалық тәжірибелерін тарату мақсатында шеберлік сыныптарын көрсеткенінде болды.
Кәсіби бағдар беру жұмысының деңгейін арттыру үшін Атбасар ауданының мектеп өкілдері конкурс қатысушыларының «Шығармашылық зертхана» атты көрмесін тамашалап, колледж өкілдеріне қызықтыратын сұрақтарын қойды.
Облыстың өте талантты педагогтар сайысы екі күнге созылды. Конкурс қорытындысы 12 мамыр күні Атбасар қ. №1 Индустриалды-техникалық колледжінде шығарылды.
Бас жүлде иегері Көкшетау қ. Ж.Мусин атындағы Педагогикалық колледжі, балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесінің оқытушысы Мұқышева Нұргүл Серікқызы атанды.
1 орынды Атбасар қ. № 1 Индустриалды-техникалық колледжінің ағылшын тілі оқытушысы Голец Юлия Валерьевна иеленді.2 орынға Щучинск қ. Педагогикалық колледжі, дене тәрбиесі және арнайы пәндер: дене шынықтыру және массаж оқытушысы Венгловский Виктор Степанович иеленді.3 орын Қатаркөл с. Ауылшаруашылығы колледжінің ағылшын тілі оқытушысы Кампут Дарья Викторовнаға берілді.
Конкурстың қалған қатысушылары Ақмола облысы білім басқармасының грамоталарымен және Астана қ. және Ақмола облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының және әлеуметтік серіктестердің: «Салтанат» сұлулық салонының, «Стройком» ЖК, «Қамқор Локомотив» ЖШС «АЭРЗ» бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды