Павлодар облысында қарақұмық өндіретін үшінші желі ашылды

16 Мамыр, 2016 14:32
Өткен демалыста аймақ басшысы Болат Бақауов Павлодар ауданында жұмыс сапарымен болып қайтты. Мұнда ол бірқатар әлеуметтік нысандарды, мал шаруашылығы кешендерін, сүт-тауар фермаларын аралап шықты, сондай-ақ көктемгі егіс жүмыстарының барысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Аймақ басшысы алдымен «Ертіс-Успенка» арнасына барды. Бұл жер суландыру арнасы ауданы 10 000 гектар болатын алқапты суаруға арналған. Жалпы ұзындығы 12,6 км, ені 72,6 метрді құрайды.

Қазіргі уақытта нысан қанағаттанарлықсыз жағдайда – арна бойына өңдегіш плиткалар, бағыттағыш темір бетон арналары жоқ.

Болат Бақауов бұл нысанның тартымды екенін және көптеген суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Осыған байланысты аудан әкімі В. Бабенкоға 15 күндік мерзімде бұл нысанды жаңарту бойынша материалдар мен ұсыныстар даярлауды тапсырды.

« Біз бұл жобаға қуат беруіміз керек»,- деп атап өтті аудан әкімі.

«Әдіс» ЖШС-сін аралаған облыс әкімі шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті. Черноярка суару жүйесі «Әдіс» ЖШС картоп пен көкөніс өсіретін 130-ға жуық жергілікті шаруа қожалықтарына қызмет көрсетеді. Кәсіпорын директоры Аман Симамбаев атап өткендей, бүгінде егу құрылымы өзгертілгендіктен судың жетіспеушілігі байқалады. Барлық шаруа қожалықтарына су бір мезгілде қажет. Сонымен қатар, суағардың он километрі апаттық жағдайда. Жалпы, кәсіпорын тиімді болудан қалған. Шаруа қожалықтарының директорларына жасалған ұсыныстардың бірі – жекешелендірудің екінші легі аясында шаруашылықты ұжым болып сатып алып, қажет болса, ары қарай суару жүйесін өздіктерінше жаңарту.

«Бүгінгі таңда ешқандай шешім қабылданған жоқ. Бұл мәселе егжей-тегжейлі қарауды және оңтайлы шешім табуды қажет етеді. Бүгін біздер «Павлодар» ӘКК-нің құны 147 миллион теңгені құрайтын нысанды шамамен бес жылға бөліп төлеуге сатуға дайын екенін айтып отырмыз. Кәсіпорын шығынға батпас үшін бұл инфрақұрылымды толығымен жеке иелікке беру тиімді болмақ. Бұл ретте шаруалар үшін қолайлы жағдай - төмен пайыздық мөлшерлеме, кепілзатсыз несие және т.б. жасау маңызды,- деп атап өтті Болат Бақауов.

Облыс әкімі сондай-ақ қарақұмық өндіретін «Зерноград» ЖШС-сінде болып қайтты.

Кәсіпорын директоры Серікбай Күмісходжаевтың айтуынша, зауытта қарақұмықты үш және 0,7 килограмнан өлшеп қаптайтын екі желі бар. Осы жылдың басында қарақұмықты 4,5 килограмнан өлшеп қаптайтын, құны 15,5 миллион теңгені құрайтын үшінші желі пайда болды. Оны іске қосу ағымдағы жылғы маусым айына жоспарланған. Алайда, қажетті жабдықтың бар болуына қарамастан, шикізат тапшылығынан кәсіпорын толық жүктелмей отыр. – Кәсіпорнымызда жылына 15 мың тоннаға дейін қарақұмық өңдеуге болатынына қарамастан, қазір шикізат белсенді түрде аймақтан тыс жерлерге жөнелтіліп жатыр, - дейді Серікбай Күмісходжаев.

Бұл ретте аймақ басшысы Болат Бақауов аудан басшысына «Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен бірлесіп ауданда қарақұмық егетін жерлердің аумағын кеңейту жөнінде стратегия әзірлеуді тапсырды.

Облыс әкімі «Кирово» ЖШС-сінде далалық суару жөніндегі инвестициялық жобаның іске асырылу барысымен танысып шықты. Бұл компания сондай-ақ меншікті сүт-тауар фермасы мен малазық өндірісін дамытып отыр.

«Кирово» ЖШС фермасының басқарушысы Антуан Лекривэннің айтуынша, 2018 жылға дейін сүт өндірісінің жылдық көлемін 9 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта далалық суару және жер суландыру жүйесі жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылуда. Бүгіннің өзінде компания 450 га жерді суарып отыр.

Павлодар ауданында Болат Бақауов сондай-ақ «Луганск» ӨК-нің көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты, «Жаңа қала» сүт-тауар фермасын, «Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-сін және бірқатар әлеуметтік нысандарды, оның ішінде аз құрамды мектептерді, ауыл клубтарын, медициналық пунктерді және спорт кешенін аралап шықты.

Аймақ басшысы аудан әкіміне сондай-ақ әкімшілік-аумақтық орналасуды онтайландыру және мектеп оқушылары бойынша мониторинг мәселесін шешуді тапсырды, өйткені ауданда сыныптарында 1-2 оқушыдан ғана оқитын мектептер бар.

 

 

 

Барлық жаңалықтар