- Басты
- Жаңалықтар
- 100 мыңнан астам жасөсмпірім тіркеуде тұр – ҚР ІІМ
100 мыңнан астам жасөсмпірім тіркеуде тұр – ҚР ІІМ
«Учаскелік инспектор қызметі мықты мамандармен қамтамасыз етуді қажет етеді. Қаншама ауылдық учаскелерде қызметтік көлік пен радиостанция жоқ. Жергілікті атқарушы органдар осындай өзекті мәселелерге бей-жай қарамай, шешімін табулары керек, деп есептеймін», -деді Қ.Қасымов.
Осыған байланысты министр кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы бойынша басқа мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Біздің мамандандырылған бөлімше қызметкерлері арнайы тіркеуде тұрған 100 мыңнан астам жасөспірімнің тәртібін қадағалайды. 16 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатқан жағдайы нашар отбасыларында мақсатты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Былтырғы және ағымдағы жылы жасөспірімдер 3 800 қылмыс жасаған, олардың ішінде 23 кісі өлімі, 49 шабуыл жасау, 527 тонау, 1 930 ұрлық қылмыстары бар. Айта кетерлігі, бірқатар жылдар бойы қайталанып келе жатқан кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың жартысына жуығы бұлар оқушылар мен студенттерге қатысты болса, оның ішінде ішімдік немесе есірткі пайдалану салдарынан орын алған қылмыстар», -деді Қ.Қасымов.
Министрдің айтуынша, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында полиция мектеп инспекторы институтын дамыту үстінде. «Бұл мақсатта қалалық және ірі елді мекендердегі әрбір мектепте инспекторлар институтын енгізу маңызды. Қазіргі уақытта бұл үшін әлі де 1 850 мектеп инспекторлары қажет. Сонымен қатар, еліміздегі жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу үшін арнайы жалпы білім беретін мектептер тапшы. Бізде ауыр қылмыстар жасаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылуға толмаған жасөспірімдерді қайта тәрбиелеуге арналған тек бір ғана жабық типтегі арнайы мектеп бар. Сондықтан да, бізде қазіргі күні екі мыңнан астам кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлерді қоғамнан оқшау тәрбиелеуге мүмкіндік жоқ», -деді Қ. Қасымов.
Ботагоз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр