Н.Назарбаев Тараз қаласының бірқатар тарихи-мәдени нысандарын аралады

22 Қараша, 2013 11:59
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапарында Тараз қаласындағы бірқатар тарихи-мәдени мысандарды аралады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Нұрсұлтан Назарбаев республикалық маңызы бар археологиялық ескерткіш болып табылатын «Тараз І-ХІХ ғғ» қалашығының археологиялық қазбасымен танысты», - делінген хабарламада.

Қалашыққа жүргізілген зерттеу жұмыстары биыл цитадель мен шахристан қазбаларына бағытталған. Зерттеу жұмыстарының жалпы аумағы 2550 шаршы метрді құрайды.

Археологиялық жұмыстар барысында көптеген тарихи бұйымдар табылды. Қазіргі таңда өңделген керамика фрагменттерінің саны 33 мыңнан асады. Солардың ішінде 107-сі бүтін күйінде сақталған. Сонымен қатар, 33 тиын мен 26 әйнек бұйымы және 5 сүйек жасандысы табылды.

Археологиялық жұмыстар үшін облыстық бюджеттен 100 млн теңге бөлінген.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биіктігі 10,5 метр болатын Төле би Әлібекұлының 350 жылдығы қарсаңында ашылған бидің ескерткішін көріп, осы жерде халықпен аз-кем әңгімелесті.

Барлық жаңалықтар