• Басты
  • Жаңалықтар
  • ІІМ қоғамды қылмыстың алдын алуда жергілікті полициямен өзара әрекет жасауға шақырды

ІІМ қоғамды қылмыстың алдын алуда жергілікті полициямен өзара әрекет жасауға шақырды

16 Мамыр, 2016 11:08
Жергілікті полиция жұмыстарына барлық атқарушы органдар, қоғамдық топтар іске қосылмаған, халыққа тиісті қолдау жоқ, деп ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Мәжіліс Парламентіндегі үкімет сағатында мәлім етті.

«Қылмыспен күрес барысындағы басты бағыт алдын алу болып келеді, сол себепті әрбір аймақта қылмысты алдын-ала айтатын тиімді жүйе керек, құқық бұзушылықты алдын алу бойынша оңтайлы үлгі қажет. Бұл жұмыста барлық атқарушы органдар, қоғамдық топтар іске қосылмаған, халыққа тиісті қолдау жоқ»,-деді Қ.Қасымов.

Осылайша, министрдің айтуы бойынша, белгілі бір дәрежеде аймақтағы алдын алу жұмыстары материалды-техникалық базаның жеткіліксіздігінен және учаскелік инспекторлардың әлеуметтік қорғалуынан деп айтып өтті.  

«Учаскелік инспекторлардың еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселесі толық шешілмеген, көбінесе ауылдық жерлерде. Еліміздегі барлығы 2700 учаскелік  полиция бекеттерінің 1400-не жөндеу жұмыстарын жасау керек, оған қосымша 430 жаңа учаскелік бекет құру керек. Учаскелік бекеттер – бұл, бірінші орында жұмыс орны және ол жерде олар халықпен, қоғаммен жұмыс істейді. Ол сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен пробация қызметінің орны. Әрбір учаскені компьютерлендіру уақыты келді. Өкінішке орай, 38 пайыз учаскелік бекет қана біздің базаға еркін кіре алады»,-деді министр.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар