• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Қасымов: ҚР-дағы заң бұзушылықтың 60%-дан астамы біреудің мүлкін тонаумен байланысты

Қ.Қасымов: ҚР-дағы заң бұзушылықтың 60%-дан астамы біреудің мүлкін тонаумен байланысты

16 Мамыр, 2016 10:56
Қазақстанның криминогендік жүйесінде біреудің мүлкін тонау қылмысының үлесі 60%-дан асады, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында.

«Криминогендік жүйеде біреудің мүлкін тонау негізгі қылмыс. Бұл елімізде қылмыстың 60%-дан астамын құрап отыр. Кейбір аймақтарда бұдан да артық. Оның басым көпшілігі жеңіл және орташа қылмыстар: ұялы телефон ұрлау, автокөліктен жеке заттарды ұрлау, қалта тонағыштар және тағы басқа. Осындай ұсақ қылмыстардың халықтың басым көпшілігінің наразылығын тудырады»,-деп хабарлады министр.  

Осыған байланысты қазақстандықтардың полиция қызметкерлерінің жұмысына көңілдері толмайтыны рас екенін мойындады министр.

«Бізге осы біреудің мүлкін ұрлаушыларды тамырымен жою әзірге мүмкін болмай тұр. Сондықтан, азаматтардың полиция жұмысына көңілдері толмайды»,-деді ол.

«Сонымен қатар, әкімдіктер мен олардың аймақтардағы құқықбұзушылықты профилактикалау бойынша комиссияларының көмегінсіз, қоғам болып күреспей, халықтың да атсалысыуынсыз біз бұл қылмысты түбегейлі жоя алмаймыз. Сондықтан, біз белгілі деңгейде бұл проблеманың шешілуіне жергілікті полицияның құрылуы арқылы қол жеткіземіз, деп сенеміз. Сонымен қатар, осыған байланысты әкімдіктердің жауапкершілігі ауадай қажет»,-деді Қ.Қасымов.

Барлық жаңалықтар