- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да «Нұр Отан» партиясының саяси кеңес құрамына 47 азамат енді (ФОТО)
ОҚО-да «Нұр Отан» партиясының саяси кеңес құрамына 47 азамат енді (ФОТО)
Жиында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша облыстық партия филиалының міндеттері мен алдағы уақытта атқаратын жұмыстары және ұйымдастыру мәселесіне байланысты саяси құрамына өзгеріс енгізу мәселелері қаралды.
Жиында сөз алған аймақ басшысы «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды бағдарламасында нақты бағыттар бойынша берілген тапсырмалардың өңірімізде сапалы әрі уақытылы орындалуы үшін, филиалдан күтілетін жұмыстардың бәрін жасау қажеттігін жеткізді.
Отырыс кезінде құрамы 47 азаматтан тұратын Саяси кеңес және саяси кеңес мүшелерінің тізімі бекітілді.
Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламаға қатысты берген тапсырмалары мен міндеттерін орындау үшін ауқымды жұмыстарды атқару қажеттігіне тоқталып, бірқатар тапсырмалар берді.
Атап айтқанда, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары азаматтарды жеке қабылдап, Ұлттық қордан және бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуына үнемі бақылау жұмыстарын жүргізуі тиіс. Сондай-ақ, мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың жүзеге асуын қадағалап, әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды, оралмандарды және жұмыссыздарды қамту жұмыстарын тиісті деңгейде жалғастыруы қажет.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары