- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрлан Ноғаев Армения Республикасының елшісімен сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Нұрлан Ноғаев Армения Республикасының елшісімен сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Екі жақтық кездесу кезінде армениялық бизнес өкілдері мен Атырау облысындағы кәсіпкерлер арасында ынтымақтастық қарым-қатынасты жетілдіру және іскер компаниялар арасында өзара мүмкіндіктерді тиімді падалана отырып, сауда саттық саласын өркендету мәселелері талқыланды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық қатынастағы сарабдал саясатының нәтижесінде тиімді инвестициялық ұсыныстарды жүзеге асыруға мүмкіндіктердің мол екендігін облыс әкімі Н.Ноғаев атап өтті.
«Арменияның Еуразиялық Экономикалық Одаққа енуі өзара қатым-қатынасты тығыз байланыстыруға жағдай жасап отыр. Бұл бағыттағы қол жеткен жетістіктерге тоқталып қалмай, достық қатынаспен қатар, экономикалық әріптестікті тереңдете түсу керек, - деді Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев.
Арменияның Елшісі өз сөзінде ауыл шаруашылық саласында тауар айналымын жетілдіруге болатынын тілге тиек етті. Әсіресе жеміс-жидек шырындары мен шарап сусындарын заманауи озық технологиямен әзірлеуге ықыласты екендігін айтты.
«Қазақстан сауда-экономикалық байланыс бағытында Арменияның маңызды серіктесі. Біз әсіресе іскерлік байланыстарды қалыптастыру үшін Атырау облысындағы әріптестермен кәсіпкерлік саласында жұмыс істеуге ниетті екендігімізді жасырмаймыз, - деді Ара Саакян.
Кездесу соңында дипломат жылы қабылдауға ризашылығын білдіріп, облыс әкіміне алғысын айтып, келешекте кәсіпкерлікті кемелдендіре түсуге уағдаласты.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус -
Ауылды дамыту: Мәдениет, өнер және спорт саласындағы өзгерістер -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
Эксклюзив: Қырғыз республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
М.Жанғазивеа: Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқым келеді -
2020 жыл қорытындысы: Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер