• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 350 нысанның құрылысы мен қайта жөнделуі жүзеге асады

Алматы облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 350 нысанның құрылысы мен қайта жөнделуі жүзеге асады

22 Қараша, 2013 11:46
Алматы облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы 2011-2015 жылдары 350 нысанның құрылысы мен қайта жөнделуі жүзеге асады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов айтты.

«2011-2015-жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша сомасы 56 млрд.теңге болатын 350 нысанның құрылысын салу мен қайта жөндеу көзделген. Нәтижесінде 275 елді мекенге берілетін ауыз судың сапасы жақсарып, орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау 74% құрайтын болады (2010 г. – 65%)», - деді облыс әкімі.

Үш жыл ішінде шамамен 26 млрд. теңге бөлініп, 141 нысан іске қосылды, 944 км желі жөнделді. Бүгінде елді мекендерлі орталықтандырылған сумен жабдықтау 69% жетті (орталықтырылмағаны – 234 (30,4%) және 9 (1,2%) – тасымал су).

Жалпы, «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру халықты қажетті көлемдегі сапылы ауыз сумен жабдықтауғы мүмкіндік береді».

Барлық жаңалықтар