- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев: Ең бастысы - қоғамдық тұрақтылықты сақтау (ФОТО)
Б.Сапарбаев: Ең бастысы - қоғамдық тұрақтылықты сақтау (ФОТО)
Ауылдықтардың көкейінде жүрген мемлекеттік бағдарламаларға қол жеткізу, шағын несие, кооперация заңы туралы, сондай-ақ, жер мәселесі бойынша сауалдарға жауап берді. Биылғы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында атқарылатын елді мекендерді көркейту, тазалық шарасын күшейту секілді шараларды бірлесіп атқаруға, жастарды еңбек етуге шақырды.
Биыл Ахмет Жұбановтың 110 жылдық мерейтойы аясында ауылдағы орта мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізіледі. Тағы бір қуанышты жағдай - ауылдықтарды толғандырған көгілдір отын тарту мәселесі де таяу уақытта шешімін таппақшы.
Облыс әкімі Қандыағаш қаласында актив жиналысын өткізіп, аудан әкімі Серік Шаңғұтовтың соңғы төрт айдың қортындысы бойынша есебін тыңдады. Ауданның барлық мемлекеттік орган қызметкерлері мен белсенді тұрғындары қатысқан жиында басшылықтың алдына бірқатар нақты міндеттер қойып, ең бастысы – қоғамдық тұрақтылықтың сақталуына назар аударды.
Бердібек Сапарбаев экономиканың өндіріс, инвестиция тарту, құрылыс, шағын және орта кәсіпкерлік, сауда айналымы сынды салалары бойынша көрсеткіштерінің төмен екендігіне тоқталып, бірінші жартыжылдық қорытындыларының өткен жылдың осы кезеңінен төмен орындалмауы керектігін тапсырды.
Ауданда кәсіпкерлікті дамыту, мал санын арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту бағыттарындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу деңгейі көңіл көншітпейді. Еліміздің төрт-ақ облысында қолға алынған отбасылық фермерлікті қолдау мақсатындағы пилоттық жоба аясында Мұғалжар ауданына 280 миллион теңге қаржы қарастырылса, бүгінгі күні оның 38 миллион теңгесі ғана игерілген.
“«Халыққа мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары нашар. Олар қандай құжат тапсыру керектігін немесе көрсетілетін жеңілдік түрлерін әлі де түсінбейді», - деді облыс әкімі.
Кезекті мәселенің бірі- ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту. Бүгінде осы бағытта тиімді бағдарламалар қолға алынып отыр. Бір ғана Мұғалжар ауданының өзіне кәсіп ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтуға құлықты тұрғындарды қолдауға облыстық бюджеттен 370 млн теңге қаражат бөлінген. Өндірістік орындарынан жұмыстан қысқартылған аудан тұрғындары үшін бұл мүмкіндік мейлінше тиімді болмақ.
Өңірде балаларға екпе салдыру мәселесі бар. Дәстүрлі емес діни көзқарастағы ата-аналардың сәбилеріне екпе салдырмау көрсеткіштері көбеймесе, төмендемей отыр. Бүгінде аудандағы 282 балаға тиісті екпе жасалмаған. Мәселенің ушыға түсуіне жауапты мекеменің де кінәсі бар, - деді өңір басшысы. Б.Сапарбаев:
“Екпе салдыруға қарсы ата-ана баласының денсаулығын ойламайды. Бұл жерде ауданның ішкі саясатына жауап беретін мамандардың жұмысының нашар жүргізіліп отырғаны көрініп тұр. Осы балалардың ата-анасымен жекелеген түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек, - деді ол.
Аудан активімен кездесуі кезінде өңір басшысы қоғамда үлкен резонанс туғызған ҚР Жер кодексіне де тоқталды. Кодекстің жаңа баптарына Елбасы тарапынан мараторий жарияланғанын атап өткен Бердібек Сапарбаев жердің ешқандай шетелдік азамат немесе компанияға сатылмайтынын айтты. Жер реформасы бойынша облыста да комиссия құрылғаны белгілі. Аталған комиссия қоғамдық ұйымдар мен жеке адамдар тарапынан берілетін жерді тиімді пайдалану жөніндегі немесе Жер кодексіне байланысты жазбаша ұсыныстарды қабылдайды.
Облыс әкімі атқарушы билік пен әкімдердің халықпен тыңыз қарым-қатынас ішінде болуы керектігіне тоқталды.
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген