- Басты
- Жаңалықтар
- Астана экономикалық форумы 2016 – өсім үшін жаңа мүмкіндіктер
Астана экономикалық форумы 2016 – өсім үшін жаңа мүмкіндіктер
Жоғары деңгейдегі алаңның басты мақсаттарының бірі әртүрлі ұлттық экономикаларға осы жаңа үлгіні енгізу жолдарын іздеу болып табылады. Соның ішінде – қазақстандық.
Қазіргі АЭФ-тың ерекшелігі ретінде Орталық Азияның, соның ішінде Қазақстанның экономикасының негізгі секторына инвестициялаудың жаңа мүмкіндіктерін белгілеуі тиіс жекешелендіру бойынша бірінші Қазақстандық форумды ұйымдастыруды атауға болады.
Жақында уақытта Қазақстанда 60-тан астам ірі, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі көптеген ұсақ объектілерді жекешелендіруге шығару жоспарлануда. Өткен жылдың соңында хабарланған үкімет жоспарлары амбициялық және алысқа баратын болып табылады, өйткені ел Бүкіләлемдік сауда ұйымының толық мүшесі болуда және әлемнің 30 ең дамыған елдер қатарына кіру және ЭЫДҰ-ға қосылу мақсатына келе жатыр. Өңірлік және шетел инвесторлары үшін «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком», «Қазақстан Темір Жолы», «Қазатомпром» және «Самрұк-Энерго» компаниялары экономиканың негізгі секторларына кіру үшін үлкен мүмкіндіктер ашуда. «Самрұқ-Қазына» және The Financial Times беделді халықаралық баспамен бірлесе ұйымдастырылған жекешелендіру бойынша алдағы Қазақстандық форум процестің іс жүзіндегі іске асырылуы және ағымдағы жағдай туралы жан-жақты ақпарат ұсынады. Сессия 2016 жылғы 25 мамырға жоспарланған, Астана экономикалық форумының негізгі күні.
Осы күні АЭФ-2016 негізгі іс-шараларының бірі – Еуропа, Азия және Таяу Шығыс үкіметтері мен бизнесінің өкілдерін біріктіруге шақырылған Жібек жолы елдерінің Форумы өтеді. Форум алаңында болашақта бүкіл өңірдің даму траекториясын анықтаушы тарихи бағдар маңында орналасқан елдердің ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Күн тәртібіндегі мәселердің бірі Еуразияның дамуының екі геосаяси жобаларының – Жібек жолының Экономикалық белдігі мен Еуразиялық экономикалық интеграцияның жанасу проблематикасы мен келешегі болып табылады. Аталған бастамалар өңір үшін жаңа экономикалық шынайылықты қалыптастырудың жоғары әлеуетіне ие бола отырып, ортақ бағыттар мен жанасу нүктелеріне ие, олардың жанасуы өңір елдерінің келесілген және тиімті даму стратегиясын құруға мүмкіндік береді.
Алдағы Форум Азия мен әлемнің экономикалық қарқындылығы мәселелерін талқылау үшін Азия мен басқа құрлықтардың үкіметтері, іскерлік және ғылыми орталары өкілдерін біріктіруші халықаралық форум болып табылатын Азия елдерінің Боаоск Форумына тікелей қатысу және әріптестік жағдайында өткізіледі.
Сонымен қатар, осы жылғы бірегей оқиға БҰҰ Даму бағдарламасының ірі халықаралық ұйымының 50-жылдығы – айтулы күнін атауға болады, оған АЭФ-тың жеке сессиясы арналады.
2016 года 25 мамырда "БҰҰДБ 50-жылдығы: Тұрақты даму мақсаттарына үдемелі қол жеткізу үшін мүмкіндіктерді зерделеу " сессиясы барысында БҰҰДБ-ның Қазақстан дамуындағы атқарған рөлі, сондай-ақ Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттарына оның одан арғы үлесі талқыланады.
Соңғы он бес жылда Қазақстан Мыңжылдықтың даму мақсаттарын (МДМ) жүзеге асыру бойына елеулі нәтижелерге қол жеткізді, бұл елді Біріккен Ұлттар Ұйымының тарихи саммитінде 2015 жылғы қыркүйекте әлемдік көшбасшылар қабылдаған, 2030 жылға дейін Күн тәртібінің 17 МДМ-ға табысты қол жеткізуге тартады. Келесі он бес ағымында кедейлікті жою, теңсіздікке қарсы күрес және климаттың өзгеруі бойынша барлық елдердің күш-жігерлері жұмыслдырылады. Бұл ретте елдердің ешқайсы артта қалмауы тиіс. Сондай-ақ сессия спикерлері Қазақстанның маңызды жетістіктері, алған сабақтар, сондай-ақ Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы одан арғы ынтымақтастық көрінулері туралы айтады.
26 мамырға Форумның пленарлық отырысы, бірнеше тақырыптық сессиялар мен воркшоптар, сондай-ақ жоғары деңгейдегі дебаттар мен әлемдік саясат көшбасшыларының қатысуымен ашық пікірталас жоспарланған.
Орталық Азия мен Қазақстан келешегіне, өсім драйверлері деп аталатын саяси реформаларға көңіл бөлінеді (Евразиялық Экономикалық Одақ және Жаңа Жібек жолы).
Форум шеңберінде барлығы шамамен 20 сессия жоспарланға. Негізгі іс-шаралар Қазақстандық инвестициялық саммит, оның бірлескен ұйымдастырушысы бүкіләлемдің белгілі журнал The Economist, «Гипержаһандану кезеңінің аяқталуы: Экономикалық және қаржы сәулеті үшін жаңа жағдайлар» кең бағдарламалық сессия, «Жаһандану жағдайларында Қазақстанда экономикалық өсім драйвері ретінде жаңа индустрияландыру» жас ғалымдардың ғылыми конференциясы.
Астана экономикалық форумы шеңберінде экономика, Blockchain технологияларын қолдану бойынша форум қатысушылары үшін семинарлар сериясы, нетворкингтер, жетекші әлемдік сарапшылардан мастер-кластар және бизнес-гуру бойынша негізгі спикерлер лекциялары жоспарланған, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері үшін бірнеше іс-шаралар өтеді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет