- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының әкімі мектеп түлектерімен кездесті (ФОТО)
Қызылорда облысының әкімі мектеп түлектерімен кездесті (ФОТО)
Аралдық түлектермен «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында кездесті. Бұл ауданда биыл 786 оқушы мектеп бітіреді. Оның 62 пайызы сынақ тапсыруға ниет білдіріп отыр. Өңір басшысы мамандық таңдауда жаңылыспау қажеттігін ескертті.
“Үлкен жолдың алдында тұрсыздар. Мұндай орталық еш жерде жоқ. Сондықтан Сіздер жоғары нәтиже көрсетулеріңіз керек”, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Оқушылармен кездесуге Сыр өңіріне арнайы сапармен келген Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов пен жары, актриса Қаракөз Сүлейменова қатысып, жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Сондай-ақ, Қаракөз Асқарқызы әсем дауысымен ән шырқап берді.
Ал Қармақшы ауданынан биыл 454 оқушы мектеп бітірсе, соның 76,17 пайызы сынақ тапсырмақ. Қазір сынама тест нәтижесі бойынша орташа балл 88,8 құрап отыр.
“Біз білім саласына қаржы бөлуден жан басына шаққанда республикада көш бастап тұрмыз. Өткен жылы мектеп бітірген оқушылардың 93,6 пайызы оқуға түсті. Бұл көрсеткіш республикада 41 пайызды құрайды. Аймақтың мектеп бітіруші барлық оқушыларымен кездестім. Өмірлеріңдегі ең бірінші емтиханды сәтті тапсыруларыңа тілектеспін”, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Айта кетейік, қазіргі таңда Ресей Үкіметінің гранты есебінен 321 қызылордалық көрші елде білім алып жатыр. Биыл тағы 250 грант тағайындалып отыр.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері