• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қаратау қаласында мәрмәр тас плиткаларын өндіретін диірмен қайта жөнделуде

Қаратау қаласында мәрмәр тас плиткаларын өндіретін диірмен қайта жөнделуде

14 Мамыр, 2016 15:59
Қаратау қаласында мәрмәр тас плиткаларын өндіретін диірмен қайта жөнделуде.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру барысы туралы өткен брифингте Қаратау қаласының әкімі Қойшыбай Махашев мәлімдеді.

«Азмина Мрамор» ЖШС-і мәрмәр тасына плиталық тастар, баспалдақтар, кірпішке арналған табиғи тастар шығарумен айналысады. Жобаның құны 20,0 млн теңгені құрайды. Жылына 32,0 мың тонна ұнтақталған тасты өңдеп, 150,0 млн теңгенің затын өндіріп шығаратын болады.

Қосымша 8 жұмыс орын ашылады. Қазіргі таңда құрал-жабдықтары тасымалданып орнатылуда»,-деп айтты Қаратау қаласының әкімі.  Сонымен қатар, қалада тәулігіне 2 тонна сүт өндіретін (май, сыр, ірімшік) цехты ашу мақсатында жұмыстар жасалуда.  Жобаның құны 20,0 млн тенгені құрайды.

Кәсіпорын жұмыс атқарғанда 3 адам жұмыспен қамтылады. Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету үшін 2 жерге сүт сақтайтын мұздатқыш орнату көзделіп отыр. Сүт өнімін әрдайым алып тұру мақсатында шаруашылық иелерімен келісімге отырды. Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қорынан 5,5 млн.тенге несие алып және мемлекеттік грант 3,0 млн.тенге ұтып алып жұмыс жасалуда. Қазіргі таңда құрал-жабдықтардың 70 пайызы орнатылған.

Барлық жаңалықтар