• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында құны 1,2 млн.теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба іске асырылды

Жамбыл облысында құны 1,2 млн.теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба іске асырылды

16 Мамыр, 2016 08:37
Жамбыл облысында құны 1200,0 млн.теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба іске асырылды.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру барысы туралы өткен брифингте Қаратау қаласының әкімі Қойшыбай Махашев айтты.

«2015 жылы жалпы құны 1200,0 млн.теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба іске асырылды: 1.«Talas Investment Company» ЖШС-і жиналмалы тараны шығару. Жылына 150 мың дана 50 кг.болат барабаны және 18 мың дана 400 кг. ағаш жәшік дайындайтын болады. Жобаның құны 412,0 млн.теңгені құрайды. Тұрақты жұмыспен 40 адам қамтылды. Бүгінгі таңда 5000 дана 50 кг.болат барабаны, 750 дана 400 кг. ағаш жәшігі шығарылды. 2. «Talas Investment Company» ЖШС-і зауыттан шыққан техникалық суды сағатына 14,5 м3 биологиялық тазалаудан өткізетін болады. Жобаның құны 787,8 млн.теңгені құрайды. 24 жаңа жұмыс орны ашылды»,-деді .Махашев.

Қала әкімінің айтуынша, «Қаратау қаласынан 2015-2017 жылдары дамытудың кешенді жоспарына» енгізілген жаңа «зәкірлі» жоба: жобалық құны 5000,0 млн.теңгені құрайтын, жылына 300,0 мың тонна М-400, М-500 маркалы цемент шығаратын зауыттың («Жамбыл Недр» ЖШС) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Зауытты 2016 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосу жоспарлануда. Зауытты іске қосқан жағдайда 200 адам жұмыспен қамтылмақ. Қазіргі таңда зауыт құрылысында 173 адам жұмыс істейді, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 99 адам. Құрылыс жұмыстары 100 пайызға аяқталып, монтаж қондырғыларының 85 пайызы орнатылды.

    Сонымен қатар, 2016 жылдың II жартыжылдығына өңірлік индустрияландыру картасына енгізу үшін жылына 250,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыттың құрылысы («Қаратау Про» ЖШС) жобасы дайындалуда. Жобаның құны 1143,7 млн тенгені құрайды. Зауыт іске қосылғанда 200 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда 60 адам жұмыс істейді. Зауытты биылғы жылдың 2 жартыжылдығына  қосу жоспарлануда. Қазіргі таңда Қаратау қаласынан зауыт соғылатын жер телімі мәселелері туралы жұмыстар жасалынып, карьер толықтай геологиялық зертеуден өткізілген.

«Әріптестік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында «Talas Investment Company» ЖШС және «Жамбыл Недр» ЖШС Қаратау қаласындағы жеке кәсіпкерлермен жалпы 101,2 млн.теңгеге, оның ішінде 2014 жылы – 71,3 млн.теңгеге және 2015 жылы – 29,9 млн.теңгеге келісім шарттарға отырған.

Қазіргі таңда зауытта 408 адам жұмыс істейді, оның ішінде жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 405 адам қабылданған. Бұдан бөлек қосымша 66 адам қосалқы шаруапшылықта жұмыс істейді     (дәмхана-12, газ құтқарушы-18, қарауыл-36).«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында «Talas Investment Company» ЖШС-не өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша газ құбырын, ауыз су, кәріз және техникалық су, жол және байланыс желілерін жүргізу үшін 1469,0 млн.теңгеге қолдау көрсетілді»,-деп айтты әкім.

 

Барлық жаңалықтар