Қаратау қаласы толық газдандырылады – әкім

14 Мамыр, 2016 14:32
Қаратау қаласы толық газдандырылады.Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру барысы туралы өткен брифингте Қаратау қаласының әкімі Қойшыбай Махашев баяндады.

“Жаңғыртылған желілердің үлесі, оның ішінде жылумен, электрмен, газбен жабдықтау  2015 жылы 5,5%Қарат.ау қаласы толық газдандырылған болып есептелінеді. Алайда, қаланың шеткі жақтарында орналасқан 8 көше мен «Флора» саяжайын газдандыру үшін 2015-2016 жылдарға қаржыландыру қарастырылып, жоспарланған жұмыстар аяқталды. Жаңғыртылған желілердің үлесі 5,2%-ды құрады”, - деді әкім.

Қаратау қаласын, яғни жалпы ұзындығы 291,2 шақырымды құрайтын электр жүйесін аумақтық «ЖЭС» ЖШС мекемесі қамтамасыз етеді. Қала 100 пайыз электр қуатымен қамтамасыз етілген. 2015 жылы қаладағы жоғарғы және төменгі кернеулік әуә желілерінің, жоғарғы және төменгі кернеулік кабель желілерінің, сонымен қатар трансформаторлық пункттердің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге жаңғыртылған электр желілері жоқ.  

Бағдарлама аясында абаттандыруға және көгалдандыру, көркейту іс-шаралары бойынша «Кеншілер» саябағын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2015 жылы 110,4 млн.теңге бөлініп, саябақта әткеншектер, электр желілерін ауыстыру, саябақ ішіндегі жолдарды жөндеу, арка орнату жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді.

Жобалық құны 1125,9 млн.теңгені құрайтын аусымына 250 адам қабылдайтын емхана құрылыс жұмыстары 2014 жылы басталып, 2014-2015 жылдары барлығы 385859,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Құрылыс жұмыстарын 2016 жылы аяқтау жоспарлануда.          

«Еврохим-Удобрения» ЖШС-нің демеушілік көмегімен 2015 жылы «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығы күрделі жөндеуден өткізуге 288,0 млн.теңге бөлініп, 263,0 млн.теңгесі игерілді.

Тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында, «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында 2015 жылы 64 пәтерлі үй 246,0 млн.теңгеге сатып алынды

Барлық жаңалықтар