• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев: Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ақпаратты қалаған адам ала алады (ФОТО)

Б.Сағынтаев: Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ақпаратты қалаған адам ала алады (ФОТО)

14 Мамыр, 2016 12:19
Астанада жер реформасы бойынша Комиссияның алғашқы отырысының ашылуында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев барлық қатысушыларды құрамына 75 адам кірген орган жұмысына белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

«Біздің жұмысымызға Астана, Алматы және облыстар əкімдіктері жанынан құрылған қоғамдық кеңестер атсалысады. Барлық қатысушыларды комиссия жұмысына белсенді қатысуға шақырамын. Əр қайсысыларыңыз қоғамдық ұйымдардың, салалардың, жеке өңiрлердiң өкілдерісіздер. Сондықтан, əр қайсысыңыздың дауысыңыз маңызды. Комиссия отырысы ашық режимде өтеді. Кез келген адам комиссия жұмысы туралы толық ақпарат ала алады», - деді Б.Сағынтаев.

Ол екі палатаның депутаттарынан, үкімет мүшелерінен, барлық саяси партиялардың басшыларынан, аграрлық сектордың өкілдерінен, ғалымдар мен азаматтық белсенділерден құралған Комиссия құрамы жер мәселесі бойынша қоғамдық пікірдің барлық спектрін таныстыратынын баса айтты. 

Бұдан әрі отырыс қатысушылары іс-шараны өткізу регламенті мен дауыс беру әдістерін талқылады. «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ президенті Зәуреш Батталова көпшіліктің дауыс беруі арқылы емес, пәтуалық шешім арқылы шешім қабылдауды ұсынды. 

Естеріңізге салсақ, 14 мамырда Астанада жер реформасы бойынша Комиссияның алғашқы отырысы өтіп жатыр. Комиссия Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Жер кодексінің нормаларын талқылау және ұсыныстар жасау мақсатында құрылған болатын.  

Барлық жаңалықтар