- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мұсаханов: 2017 жылға дейін Алматы облысында 23 шағын СЭС салу жоспарланып отыр
А.Мұсаханов: 2017 жылға дейін Алматы облысында 23 шағын СЭС салу жоспарланып отыр
«Мемлекет басшысы «жасыл» экономиканы дамыту міндетін қойып отыр. Өздеріңізге мәлім, Алматы облысы энергетика дефицитін көріп отырған өңір болып табылады, бірақ та бізде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға резерв баршылық. Облыста гидроэнергоресурстар қорының 65% шоғырланған, шағын СЭС салуға болатын 60 шақты перспективалық учаске анықталып отыр. Желдің өтінде орналасқан дәліздер анықталды, әсіресе Жоңғар қақпасы мен Шелек дәлізінде», - деді Мұсаханов.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда өңірде жалпы қуаты 745 МВт 16 СЭС жұмыс істеп тұр. ҮИИД бағдарламасының аясында 2012 жылы ел Президентінің қатысуымен қуаты 300 МВт Мойнақ СЭС-нің екінші желісі іске қосылды. Нәтижесінде, сырттан энергия сатып алу көрсеткіші 50 пайыздан 39 пайызға дейін қысқарды.
Осылайша, жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2011 жылғы 30 пайыз көрсеткіштен ағымдағы жылы 41 пайызға дейін ұлғайды.
Сарқан 2-СЭС нысанында қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді, Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік СЭС-нің құрылысы аяқталып келеді (олардың жеке қуаты -1 МВт). Ал Қапшағай қаласында қуаты 2 МВт күн-электр стансасы пайдалануға берілді. Жалпы алғанда, 2017 жылға дейін облыста жалпы қуаты 920 МВт құрайтын 23 шағын СЭС, 6 жел-электр стансасы және 2 күн-электр стансасының құрылыстары жоспарлануда, сонда біздің облысымыз энергия қуаты бойынша оң теңгерімге шыға алады. Жаңартылатын энергия көздері бойынша іске қосылған және жоспарланып отырған нысандар Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінде таныстырылатын болады», дейді Алматы облысының әкімі А.Мұсаханов.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда