- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Жамбыл облысында асфальт-бетон зауыты іске қосылуға дайын
ИИДМБ: Жамбыл облысында асфальт-бетон зауыты іске қосылуға дайын
Дәурен Шалбаевтың айтуынша, индустриялық аймақта 12 жаңа инвестициялық жобалар іске асатын болады, жобалардың жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда бұл «зәкірлік» жоба Жаңатас қаласына бұрынғы мамандандыруды жаңалау және қалпына келтіру үшін стратегиялық инвесторларды тарту міндетіне ауыстырылды. Осы міндетті іс-шараға «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-нің «Жаңатас қаласында минералды шикізаттарды өңдейтін Химиялық кешен (2 кезең) құрылысы» жобасымен толықтырылып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың 2015 жылғы 06 маусымдағы №11-9/1695 бұрыштамасын және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Т.Жанкенің ағымдағы жылдың 30 маусымындағы №04-2638 тапсырмасын орындау мақсатында Жаңатас қаласын 2015-2017 жылдары дамытудың кешенді жоспарының «зәкірлік» жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге 2 «зәкірлік» жоба ұсынылып бекітілді. Атап айтқанда:
1) Жаңатас қаласының индустриалды аймағында орналасқан «Тараз көлік жолы» ЖШС-ның асфальт-бетон зауыты. Зауыт өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген. Салынатын инвестиция көлемі 250,0 млн. теңгені, ашылатын жаңа жұмыс орындары 50 адамды құрайды. Зауыт жылына 50,0 мың м³ жол құрылысына қажетті өнімдерді шығарады. Өндірістік базада құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған, зауыт жұмыс жасауда. 2) «Асыл тұз компаниясы» ЖШС-ныңас тұзын өндіру зауыты. 2015-2016 жылдары іске асырылатын жобаға салынатын инвестиция 444,0 млн. теңге. 75 жаңа жұмыс орыны құрылады. Жылына 50,0 мың тонна ас тұзын даярлайды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2017 жылы іске қосу жоспарлануда.
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды