Жамбыл облысында тау-кен кешенінің құрылысы жүргізілуде

14 Мамыр, 2016 10:34
Жамбыл облысында тау-кен кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру барысы туралы өткен брифингте Жаңатас қаласының әкімі Шалбаев Дәурен Асембайұлы мәлімдеді.

«Бұл жерде біз аса ауқымды жоба ретінде аймаққа «ЕвроХим-Тыңайтқыш» компаниясының келуін айта аламыз.Компания Жаңатас қаласында тау-кен кешенінің бірінші кезектегі құрылысын  жүргізуде. Салынатын инвестиция көлемі 97,8 млрд. теңге болса, осы уақытқа дейін 16,2 млрд. теңге қаражаты салынды. Кәсіпорынның жылдық қуаты 1,0 млн. тоннадан астам минералды тыңайтқыш өндіру. 350 жұмыс орындары құрылады. Қазіргі кезде, «Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС-де қызметкерлердің штаттық саны 138 адамды құрайды. Бұдан басқа, жобаның мердігерлік келісім шартына сай  600-ден астам қазақстандық мердігерлік кәсіпорындардың жұмысшылары еңбек етуде»,-деді Д.Шалбаев.

Жамбыл облысы әкімдігінің және «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС келісім шарты негізінде 2013-2015 жылдары  әлеуметтік әріптестік бағдарламасы бойынша  1 548,6 млн. теңгеге Жаңатас қаласындағы 12 әлеуметтік нысанда тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Барлық жаңалықтар