- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңатас қаласында 280 орындық балабақша салынуда
Жаңатас қаласында 280 орындық балабақша салынуда
14 Мамыр, 2016 10:02
Жаңатас қаласында 280 орындық балабақша салынуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру барысы туралы өткен брифингте Жаңатас қаласының әкімі Шалбаев Дәурен Асембайұлы баяндады.
Пушкин көшесінің бойындағы балабақшаның орнын тазалау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда 280 орындық балабақша салу жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарын «Арай-Строй-Маркет» ЖШС атқарып жатыр. Құрылыс жұмыстары биылғы жылы аяқталып, қыркүйек айында іске қосылуы жоспарланып отыр. Сонымен бірге мемлекеттік жеке меншік әріптестік бағытында 80 орындық жеке балабақша ашылады.
500 адамға арналған «Қалалық мешіт» құрылысын аяқтап, маусым айында тұрғындар игілігіне берілетін болады. Наурыз-сәуір айларында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 5500 тал көшеті егілді. «Еврохим тыңайтқыш» ЖШС тарапынан Жаңатас қала ішінен өз қызметкерлеріне коттедж қалашығын салуға ЖСҚ дайындауда. Сонымен қатар осы Еврохим қалашығына жастар комплексін салу жоспарлануда.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Бекшин Алматы қаласында шектеу шараларының жеңілдеу себебін түсіндірді -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Алматы қаласында пандемия кезінде кәсіпкерлер саны 6000-ға өсті -
ФОТО: Нұр-сұлтан қаласында тәулігіне 180 000 дана медициналық бетперде шығаратын өнеркәсіп ашылды
-
23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда барлық балабақшалар жабылады -
Елордада 15 маусымда кинотеатрлар, ойын-сауық орталықтары мен балабақшалар ашылмайды -
Түркістан қаласында 70 нысан пайдалануға беріледі -
Түркістан қаласындағы "Ұлы дала елі" орталығының құрылысы жүріп жатыр -
Балалар күні: Балабақшадағы бір күн