- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы БҰҰ ДБ Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі аясында 4 жобаны іске қосты (ВИДЕО)
2016 жылы БҰҰ ДБ Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі аясында 4 жобаны іске қосты (ВИДЕО)
- Сәлеметсіз бе, Гүлжамал, біздің ақпараттық агенттік студиясына келгеніңізге қуаныштымыз. Біздің білімуізше, ҚР Үкіметі «жасыл» экономикаға көшуі жолында бірқатар стратегиялық мақсаттарды қабылдадық. Бұл Еуропалық одақ пен БҰҰ даму бағдарламасының жауапкершілігіне артып отыр. Аталмыш жоба туралы толығырақ айтып жібересіз бе?
- Сәлеметсіз бе, Индира, шақырғаныңызға рахмет. Мен «Қазақстанға «жасл экономика» моделіне көшу жолында қолдау көрсету» жобасының менеджері болып табыламын. Жоба 2015-2018 жылдарға белгіленген. Жобаның құны 7 млн евроны құрады. Қаржыландыратын агенттік – Еуропалық Одақ, БҰҰДБ бағдарламасымен бірігіп, Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстарының комитетімен бірігіп құрылды.
Жобаның негізгі мақсаты еуропалық тәжірибені паш ету, еуропалық технологиялар Қазақстан жағдайындағы күйін паш ету қажет. Жобаның негізгі басымдығы су секторы, демек біздің жасап отырған барлық жұмыстарымыз аталмыш жоба аясында жүзеге асырылып отыр.
-2016 жылы пилоттық жобалар іске қосылады, сондай-ақ, Қазақстанда жасыл тәжірибені паш ететін жобалар жүзеге асырылады. Аталмыш жобалар бойынша толықтырып айтсаңыз?
Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің «жасыл экономикаға» көшуіне орай, бірнеше стратегиялық тапсырмаларды қабылдады және аталмыш шақыртулар Қазақстанның жасыл экономика моделіне көшуі бойынша Еуропа одағы мен БҰҰ-ның даму бағдарламасының бірлескен жобасының негізгі міндеті болды.
«Жоба 2015 жылдан 2018 жылға дейін есептелген. Жобаның бюджеті 7 млн евроны құрайды. Қаржылай көмек көрсетген агенттік – Еуропа одағы, бағдарлама ҚР АШМ су ресурстары бойынша комитеті мен БҰҰДБ-мен бірге іске асырылады. Жобаның негізгі мақсаты еуропа тәжірибесін, технологиясын көрсету»,-деді «Жасыл экономика моделіне көшу үшін Қазақстанды қолдау» жоба менеджері Гүлжамал Исаева.
Осылайша, 2015 және 2016 жылдары Қазақстанда пилотты жобалар іске қосылды, сонымен қатар Қазақстанда жасыл тәжірибені көрсету жобалары.
«Барлық 14 жоба 2015 жылдың соңында іске қосылды, қазіргі күні олар толығымен жүзеге асырылуда және күзге қарай оның нақты нәтижесін көрсетуді жоспарлаудамыз. 2016 жылы Алматы, Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстарында пилотты жобаны іске қостық. Алматы облысында жоба ауыл шаруашылығына, кәрізге бағытталады, ал Қызылорда облысында көгалды сурау бойынша жоба, Ақтөбе облысында бөгеттер ойынша автоматтандырылған жүйелерге аспаптарды орнату бойынша жоба және Ақмола облысында солтүстік жағдайына орай, жылыжай шаруашылығын дамыту жобасы»,-деді Г.Исаева.
Сонымен қатар, аталмыш төрт жобаны ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстыру жоспарлануда.
«Біз барлық осы жобаларды ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстыруды жоспарлаудамыз, яғни нақты нәтижелерін, сандарын, модельдері мен экономикалық және экологиялық орнықтылықтарын»,-деді ол.
-Аталмыш жобалардың жүзеге асырылуына қанша қаржы жұмсалды?
- 2015 жылы іске қосылған гаранттық жобалардың құны – яғни 14 жобаның жалпы бюджеті 600 мың евроны құрады. Пилоттық жобаларға келетін болсақ, барлық 4 жобаның бюджеті 3 млн евроны құрады. Жоба 2018 жылдың ортасына дейін есептелген, біздің тұрақты серіктесіміз су ресурстарының комитеті болып табылады.
Барлық тәжірибе мен білім мемлекеттік бағдарламалар негізінде болады.
-Демек, жоба жоба жасыл технологияларды басқарудың жаңа тиімді әдістерін паш етеді. Қазақстан болашақта осы тәжірибелерді енгізе ала ма?
-Біздің пилоттық жобалар негізінде біз барлық экономикалық есепті көрсете аламыз. Бұл жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізі бола алады. Біз «Ақбұлақ» бағдарламасы туралы білеміз, ол жергілікті жерлерге ауыз су ұсынатын бағдарлама. Судың санитарлығы бойынша жаңа бағдарламалар да ашылуы мүмкін. Ол біз жүзеге асырғалы отырған жобалардың негізінде болуы мүмкін.
- Аталмыш бірлескен жобаның бастаушысы кім?
- Атамыш бірлескен жобаны ұсынған Еуропалық одақ және ҚР үкіметі. БҰҰ ДБ үлкен тәжірибеге ие мекеме ретінде аталмыш жобаны жүзеге асыруға тартылды.
- Сұхбатыңызға рахмет!
Индира кауметова
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары