2017 жылы МЖӘ-нің 8 республикалық жобасын іске асыру жоспарлануда (ВИДЕО)

13 Мамыр, 2016 18:47
2017 жылы «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталық» АҚ МЖӘ аясында 170 жобаны іске асыра түспек. Бұл туралы «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ вице-президенті Айдос Көбетов «Қалалық қалдықтарды басқару саласындағы МЖӘ іске асыру проблемалары мен мүмкіндіктері» атты семинар-жиналыс барысында мәлім етті.

«Аймақ бойынша жоспарланған жобаның саны 162 және республикалық 8 жоба. Біздің жоспарлауымызша олардың іске асырылуы келесі жылдан басталады. Республикалық деңгейде жол саласында, денсаулық сақтау, білім беру, түрме жүйесіндегі жобалардың іске асырылуы жоспарланған.  «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» заңы 2015 жылдың желтоқсан айында қабылданғанын ескере отырып, процес өзекті жүріп жатыр деп есептейміз»,-деді А.Көбетов.

Сонымен қатар, ол өз сөзінде қазақстандық инвесторлар әлеуметтік жобаға қалыптасқандығын айтып өтті, ал шетелдік инвесторлар  ірі инфрақұрылымдық жобаларға барып жатқандығын мәлімдеді.

 Жалпы жобалар іске асырылды – бұл Шығыс Қазақстан облысындағы 11 балабақша, олар бойынша келісімшартқа қол қойылды және осы бойынша құрылыстың бірінші кезеңі басталды. Үш республикалық жоба – жол саласында, электроэнергетика мен азаматтық авиациялар.

Ботагөз Айтжанова

Видео Азамат Алиев

Барлық жаңалықтар