• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылдың соңына дейін Талдықорғанда үй құрылысы комбинаты іске қосылады – А. Мұсаханов

2013 жылдың соңына дейін Талдықорғанда үй құрылысы комбинаты іске қосылады – А. Мұсаханов

22 Қараша, 2013 11:18
Талдықорғанда 2013 жылдың желтоқсанында үй құрылысын жүргізетін комбинат ашылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Алматы облысының әкмі Аңсар Мұсаханов мәлімдеді.

«Құрылыс  құны мен жаңа технологияларды пайдалану мақсатында Талдықорғанда ағымдағы жылдың желтоқсан айында үй құрылысын жүргізетін комбинат іске қосылады», - деді А. Мұсаханов.

Айта кетерлігі, аймақта барлық бағыт бойынша «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда.

2012 жылдың қорытындысы бойынша біздің облысымыз пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданы бойынша үшінші орын алып отыр. Жыл сайын біздің облыста орта есеппен 500 мың шаршы метрге жуық баспана пайдалануға беріледі. Ағымдағы жылы көппәтерлі 71 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

 «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының қатысуымен Қарасай ауданында 265 мың шаршы метрдің «Асыл Арман» тұрғын үй кешені салынып жатса, Талдықорған қаласының Оңтүстік-Батыс тұрғын үйлер орамында 350 мың шаршы метрдің тұрғын үй кешені салынуда. Осы ауданда сондай-ақ «Қазақстаннық ипотекалық компаниясының» қатысуымен салынатын көпәтерлі 24 үйдің құрылысы үшін тағы 6,2 гектар жер телімі бөлініп отыр. Ал құрылыстың құнын арзандату және жаңа технологияларды дамыту мақсатында Талдықорғанда ағымдағы жылды желтоқсан айында үй құрылысы комбинаты іске қосылады», -деді А.Мұсаханов өз сөзінде.

Барлық жаңалықтар