- Басты
- Жаңалықтар
- Елорданың оқушылары жас жауынгер курсынан өтуде (ФОТО)
Елорданың оқушылары жас жауынгер курсынан өтуде (ФОТО)
Бұл жиында 10 сыныптың 2 250 бозбаласы үшін саптық, атыс, тактикалық және жалпы дене даярлығы бойынша сабақтар өткізілуде. 68665 ә/б әскери қызметшілері көрсетпелі көрсетілімді, қоян-қолтық ұрыстың көрсетілімін, шартты лаңкестерден жерді босатуды ұйымдастырды, әскери техника мен қару-жарақтың көрсетілімін және тағы басқаны көрсетті.
Әскери қызметшілер оқушыларға қызметтің ерекшелігі мен беделі туралы айтып берді. Өздерінің жауынгерлік дағдыларын паш етті. Сабақтар бір апта бойы Астананың 11 білім беру мекемесінің базасында өтеді. «Мектеп бітіргеннен кейін мен әскерге барамын. Бұл менің Отан алдындағы борышым деп білемін. Әскер сені нағыз ер қылады. Бізде мұндай сабақтардың өтіп жатқанына қуаныштымын. Бұл жерде біз әскери қызметшілеріміздің қызметін көріп, олардан тәжірибе жинақтаймыз.
Қолымда автомат ұстап, мен өзімді нағыз жауынгер іспетті сезіндім. Мұнда бізге әскери қызметшілер өздерінің барлық жауынгерлік сабақтарын көрсетті. Болашақта мен десантшы болғым келеді», - деді Астана қ. №5 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Мағауия Амангелді. Оқушылар казарманы көріп, әскери қызметшілердің тұрмысы, олардың қызметімен танысты. Аяқталғаннан кейін оқушылардан құралған бір взвод практикада көргендерін бекітіп, кедергілер жолағынан өтеді, Калашников автоматын құрастырып, бөлшектейді. Сабақтар нұсқаушылардың жетекшілік етуімен өткізілуде. Қорытындысы бойынша оқушылардың әрқайсысы сынақ тапсыратын болады. Мұндай сабақтар жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру үшін аса маңызды. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге қызығушылығын арттыру, патриоттық рухты арттыру және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын ұштастыру болып табылады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды