- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда 120 отбасы пәтерлі болды (ФОТО)
Талдықорғанда 120 отбасы пәтерлі болды (ФОТО)
««Өңірлерді дамыту - 2020» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Бүгін біз кезектегі азаматтарға мемлекет қолдауының нәтижесінде жаңа Оңтүстік-Батыс ауданнан 120 пәтердің кілтін беріп отырмыз. Мұнда инфрақұрылым жасалып, алдағы уақытта балабақша, мектеп, Салтанат сарайы, Көрме павильоны, Драма театры ғимараты сияқты көптеген әлеуметтік маңызы зор нысандар осы маңда салынып, жаңа аудан көркейе түсетін болады», - дей келе облыс әкімі А. Баталов қоныстой иелерін қуаныштарымен құттықтап, олардың отбасыларына амандық тіледі.
Жаңа қоныс иесі Дария Абдрахманова:
«Бүгінгі қуанышты жағдайды пайдалана отырып, жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін Мемлекет басшысына зор ризашылығымды жеткізгім келеді. Енді менің өз үйім бар, бұл маған ертеңгі күнге деген сенімділік сыйлайды», - деді.
Сондай-ақ балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ана Күлән Жинақова да елімізде жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың арқасында баспаналы болғанын, бұл ең бірінші балалары үшін аса маңызды екенін жеткізді.
Жалпы, бұл 60 пәтерлі екі үйдің құрылысы 2014 жылы басталған болатын. «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй құрылысына 765 577,94 мың теңге бөлінген. 120 пәтердің 56-сы бір бөлмелі, 64-і – екі бөлмелі. Оған қоса жыл басынан бері Талдықорғанда 5 көп пәтерлі тұрғын үй берілген болатын. Жылдың соңына дейін тағы 3 көп қабатты үйді пайдалануға беру жоспарланған.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды