- Басты
- Жаңалықтар
- Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде Президенттің алға қойған тапсырмаларын жүзеге асыруға кірісті
Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде Президенттің алға қойған тапсырмаларын жүзеге асыруға кірісті
«Атап айтқанда, Қ. Мәми сот төрелігін сабақтастыра отырып жаңғыртуға кірісу, сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды қолдануды күшейту және бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас жасау сынды тапсырмалар берді», - делінген хабарламада.
Сонымен бірге судьялардың санын көбейту есебінен жүктемені азайтуға тапсырмалар межеленді. Бұл туралы Съезде Мемлекет басшысы да айтқан болатын.
Жоғарғы Сот Төрағасының алға қойған жекелеген тапсырмалары сот жүйесінің имиджін арттыруға, сот қателіктерін болдырмауға, және төрешілдіктен арылуға бағытталған.
Қ. Мәми дауларды шешудің баламалы әдістерін енгізуге және жанжалдарды соттан тыс реттеу институттарын дамытуға баса назар аударды. Осыған байланысты Президенттің нұсқауына сәйкес медиация туралы отандық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру тапсырылды.
Бұған қоса Төраға судьялардың біліктілігін арттыру және еліміздің соттарында кадр саясатын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Кеңейтілген кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының судьялардың VI съезінде белгілеген міндеттерін іске асыру Жоспары дайындалды. Әрбір тармақ бойынша жауапты адамдар бекітіліп, аталмыш жоспардың орындалу барысын Қ.Мәми ерекше бақылауға алды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады