• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте ҚР мен РФ арасында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісім қаралады

Мәжілісте ҚР мен РФ арасында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісім қаралады

13 Мамыр, 2016 14:48
Бүгін Мәжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі қаралып, халық қалаулылары  назарына Сауд Арабиясы Корольдігімен  табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы үкіметаралық конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылатын болды.

Сондай-ақ, осы күні Мәжіліс депутаттары ілеспелі құжатпен, «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдайды деп күтілуде.  

Жалпы отырыста депутаттар 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан мен Ресей арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы, сонымен қатар, ТМД қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялауға байланысты бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындайтын болады.        

 

Барлық жаңалықтар