- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова бірқатар елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова бірқатар елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
Австралия елшісі П.Тешпен кездесуде Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан үшін Австралия Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі маңызды серіктес болып саналатынын атап өтті. Астана Канберрамен ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге үлкен мән береді. 2015 жылы Қазақстан мен Австралия арасындағы жалпы сауда айналымы 74,2 миллион долларды құрады.
Ирландия елшісі Э.Макдейдпен кездесу барысында Мемлекеттік хатшы екіжақты қарым-қатынастар серпінді дамып жатқанын айтты. Қазақстан Ирландиямен ынтымақтастықты дамытуға және екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге ерекше назар аударады. Гүлшара Әбдіқалықова екі елдің салық қызметтерінің арасындағы қосарланған салық салудан бас тарту туралы конвенция бойынша келіссөздерінің қорытындысына қанағаттанушылық білдірді. Мемлекеттік хатшы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдағаны үшін ирландық тарапқа ризашылығын білдірді.
Бенин Республикасының елшісі А.Кочофамен кездесу кезінде Мемлекеттік хатшы Қазақстан Африкадағы саяси және экономикалық үдерістерді мұқият бақылап отыратынын және құрлық елдерімен байланысты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Президентінің Штаб пәтері Астанада орналасатын Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру туралы идеясын қолдағаны үшін алғыс білдірді.
Сирия Араб Республикасының елшісі Р.Хаддадпен кездесуде Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халықаралық қауымдастықтың, сондай-ақ Сирия билігі мен оппозициясының зорлық-зомбылық пен қантөгісті тез арада тоқтату үшін өзара диалог пен мәмілеге келу арқылы Сирияның саяси болашағын айқындауға бағытталған күш-жігерін қолдайтынын айтты. Мемлекеттік хатшы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ұсынылған Қазақстанның кандидатурасына қолдау көрсеткені үшін Сирия тарапына ризашылық білдірді. Сонымен қатар, Қазақстан мен Сирия арасында санғасырлық дәстүрлі байланыс орныққанын, көрнекті тұлғалар – Әбу Насыр әл-Фараби мен Сұлтан Әз-Захир Бейбарыс екі халық арасындағы достық қарым-қатынастың символы болып саналатынын айтты.
Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының елшісі А.Воркнемен екіжақты кездесуде Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның Африка құрлығына қатысты сыртқы саясатында Эфиопияның басымды орын алатынын атап өтті. Екіжақты ынтымақтастықты жандандыру мақсатымен Аддис-Абебада 2014 жылы Қазақстанның елшілігі ашылды. Мемлекеттік хатшы Эфиопия халқын алдағы 25 мамыр – Африка күнімен, сондай-ақ 28 мамырда атап өтілетін Эфиопия демократиялық күштері жеңісінің 25 жылдығымен құттықтады.
Шет мемлекеттердің елшілері кең ауқымды мәселелер бойынша байланыстарды, соның ішінде қаржы, мұнай-газ, азық-түлік өндіру, қосалқы қуат көзі және т.б. салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екендіктерін білдірді.
Г.Әбдіқалықова аталған мемлекеттердің Төтенше және Өкілетті елшілерінің жұмысы елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға септігін тигізетініне сенім білдірді, сондай-ақ оларды Астана қаласында өтетін халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің жұмысына қатысуға шақырды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер