- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы түлектерге ҰБТ-ны екінші мәрте тапсыруға мүмкіндік беріледі - БҒМ
2016 жылы түлектерге ҰБТ-ны екінші мәрте тапсыруға мүмкіндік беріледі - БҒМ
«2015 жылдан бастап аттестатқа ҰБТ мен пән бойынша жылдық бағаның қорытындысы бойынша орташа арифметикалық сомасындағы құрамдық баға қойылады. Дау тудыратын жағдайда бағаны дөңгелектеу көтермелеу жағына жасалады. ҰБТ-ның форматы өзгермейді.Мұндай аттестаттау мектептің жұмысын әділ бағалауға, мектеп бітірушілерге түсетін психоэмоционалдық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», - деді С.Нүсіпов.
2004 жылдан бастап, 12 жылдың ішінде ҰБТ-ға 1 миллион 504 мың мектеп бітірушілер қатысты, бұл бітірушілердің жалпы санының 77,1 %-ын құрайды. ҰБТ 166 арнайы жабдықталған пункттерде өткізіледі. Оның 116-сы аудан орталықтарында, 50-і облыс орталықтары және Астана мен Алматы қалаларының жоғары оқу орындарының мекемесінде орналасқан.
1609 аудитория пайдалану жоспарлануда. Министрлік өкілдері ретінде даярланған 1745 адам (бір аудиторияға 1 адам) жіберіледі.
«Облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында ҰБТ өткізу кезінде мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарының өтініштері мен шағымдарына жедел ден қою үшін ҰБТ-ны өткізу және үйлестіру жөніндегі штабтар құрылады. Министрлік жанынан Республикалық штаб жұмыс атқарады. ҰБТ жүйесін жетілдіру жалғасуда. 2015 жылдан бастап ҰБТ қорытындысы құпия ақпарат болады, оны жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша ғана білуге болады. Алған балл тізімінде бітірушінің тегі ЖСН-мен алмастырылады. Сондай-ақ, ҰБТ қорытындысыҰлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланатын болады. Сервиске қол жеткізу үшін ЖСН мен емтихан басталар алдында берілетін жеке кодты енгізу талап етіледі», - деді ол.
Ағымдағы жылы шекті 50 балл жинай алмаған бітірушілер үшін 2016 жылдың тамыз айында кешенді тестілеуді қайта тапсыру мүмкіндігі қарастырылады. Қайта тапсыру ақылы түрде өткізіледі.
2016 жылы Қазақстан Республикасында мектепті 121 092 бітіруші бітіреді; оның ішінде 83 330 қазақ тілінде, 37 762 – орыс тілінде. ҰБТ-ға қатысуға 86 991 өтініш берілді, ол мектеп бітірушілердің жалпы санының 72% құрайды, оның 63 021-і қазақ тілінде, 23 970-і орыс тілінде оқыған мектеп бітірушілер. ҰБТ 166 арнайы жабдықталған пункттерде өткізіледі. Оның 116-сы аудан орталықтарында, 50-і облыс орталықтары және Астана мен Алматы қалаларының жоғары оқу орындарының мекемесінде орналасқан.
Индира Кауметова
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр