• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Эйр Астана» авиакомпаниясының жаңа туристік бағдарламасын АҚШ-та таныстырды

«Эйр Астана» авиакомпаниясының жаңа туристік бағдарламасын АҚШ-та таныстырды

13 Мамыр, 2016 15:03
Вашингтондағы Қазақстанның елшілігі ресми және іскерлік топтардың, оның ішіне Мемлекеттік департаменттерді қосқанда, Конгрестің сауда және ынтымақтастық министрлігімен, сондай-ақ АҚШ-тың туристік агенттігімен «Эйр Астана» ұлттық авиакомпаниясының жаңа туристік бағдарламасы таныстырылды, деп ҚР СІМ хабарлайды.

Қонақтардың назарына Қазақстанда өсіп келе жатқан туристік тартымдылық, визалық және логистикалық артықшылықтардың ақпараттары ұсынылды.

Одан бөлек елдегі  шетелдік инвестициялар үшін мүмкіндіктер атап өтілді, оның ұлғаюына Ұлт жоспары «100 нақты қадам» іске асырылуы себеп.

Шара барысында ЭКСПО-2017 – «Болашақтың энергиясы» тақырыбындағы ақпараттық материалдар ұсынылды.

АҚШ пен Канададағы «Эйр Астана» аймақтық өкілі Майкл Уайтхед келгендерді авиакомпанияның негізгі қызметімен, сондай-ақ Stop Over Holidays транзиттік жолаушылар үшін жаңа туристік бағдарламасын таныстырды. Ол Астана мен Алматы арқылы саяхат жасайтын халықаралық транзиттік жолаушыларға арналған. Қонақтарға қазақстандық авиатасымал төрт рет «Орталық Азия мен Үндістандағы үздік авиакомпания» екендігін дәлелдегендігі жеткізілді және Skytrax агенттігінің ойынша 4 жұлдыз рейтінгін, сондай-ақ Air Transport World бойынша 2015 жылы авиация нарығының көшбасшысы болғандығы айтылды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Курт Тонг өзінің бірнеше рет қазақстандық авиатасымалын қолданғандығын айтты және ондағы халықаралық стандарттың жоғары екендігін, қызметтің жайлылығы мен сапасын айтып өтті. Ол өз сөзінде жақсы авиа желілер – елдегі туристік кластердің гүлденуі екендігін атап өтті.

АҚШ сауда министрлігінің орынбасар көмекшісі Майкл Лалли өз сөзінде қазақстандық туризмді дамытуда американдық инвестицияның потенциалын назарға алды.  

Іскер топтарының өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастық жасауға мүдделіктерін көрсетті. Шара барысында мемлекет туралы жақсы пікірлер айтылып, алдағы уақытта Қазақстанға бару туралы жоспарлар талқыланды.

 

Барлық жаңалықтар