2016 жылдың наурыз айында тұрғындардың нақты ақшалай табысы 0,9%-ға өсті

13 Мамыр, 2016 15:37
2016 жылғы наурызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 71890 теңгені құрады, бұл 2015 жылғы наурызға қарағанда 16,7% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,9% өсті, деп хабарлады ҰЭМ Статистика комитеті.

2016 жылғы сәуірде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 136956 теңгені құрады.

2016 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 439,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 4,9% құрады.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2016 жылғы сәуірдің соңына 74,7 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,8%.

 

 

Барлық жаңалықтар