А.Көбетов: 2017 жылы МЖӘ аясында 170 жоба іске асырылады

13 Мамыр, 2016 11:23
2017 жылы «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталық» АҚ МЖӘ аясында 170 жобаны іске асыра түспек. Бұл туралы «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ вице-президенті Айдос Көбетов «Қалалық қалдықтарды басқару саласындағы МЖӘ іске асыру проблемалары мен мүмкіндіктері» атты семинар-жиналыс барысында мәлім етті.

«Аймақ бойынша жоспарланған жобаның саны 162 және республикалық 8 жоба. Біздің жоспарлауымызша олардың іске асырылуы келесі жылдан басталады»,-деді А.Көбетов.

Оның айтуы бойынша, республикалық деңгейде жол саласында, денсаулық сақтау, білім беру, түрме жүйесіндегі жобалардың іске асырылуы жоспарланған.

«Жалпы біз жобаларды іске асырамыз – бұл Шығыс Қазақстан облысындағы 11 балабақша, олар бойынша келісімшартқа қол қойылды және осы бойынша құрылыстың бірінші кезеңін бастадық. Үш республикалық жоба – жол саласында, электроэнергетика мен азаматтық авиациялар»,-деді ол.

Барлық жаңалықтар