- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 14,9%-ға артты – ҰЭМ
Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 14,9%-ға артты – ҰЭМ
2016 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 5469,1 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 1,4% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,4% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,7%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,8%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 5,8% төмендеді.
2016 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 444,2 млрд. теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 2,6% артты.
2016 жылғы қаңтар-сәуірде «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,1%-ды құрды.
2016 жылғы қаңтар-сәуірде жүк айналымының көлемі 157,6 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап,
2015 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 0,5% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 81,2 млрд. жкм құрап, 1,4% артты.
2016 жылғы қаңтар-сәуірде «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 95,5%-ды құрды.
2016 жылғы қаңтар-сәуірде «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 94,1%-ды құрды.
2016 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 2095,9 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 97,7% құрады (салыстырмалы бағада).
2016 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 4618 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 92,3% құрады (салыстырмалы бағада).
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2016 жылғы қаңтар-сәуірде 2015 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 99,1% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды