- Басты
- Жаңалықтар
- МСМ ауылды жаппай спортқа баулу жобасына қолдау көрсетеді
МСМ ауылды жаппай спортқа баулу жобасына қолдау көрсетеді
Былтырғы көктемде бастау алған бұл жоба Ақмола облысы Аршалы ауданындағы оқушылардың спортпен шұғылдануын ұйымдастыру ісіне елеулі өзгерістер енгізіп үлгерді. Аудан әкімі аппараты атап өткендей, бұл шара оқушылардың спорттық жетістіктеріне оң әсерін тигізіп, оның жемісті нәтижелері іс жүзінде көрініс табуда.
«3.2.1 Старт!» жобасының концепциясымен және нәтижелерімен танысқаннан кейін біз жобаға жүйелі түрде қолдау көрсетуге, ауыл балалары мен дене шынықтыру мұғалімдеріне арнап шеберлік сыныптары мен тренингтер ұйымдастыруға шешім қабылдадық. Біздің жоспарымызға сәйкес, «3.2.1 Старт!» жобасын бірлесе жүзеге асыру арқылы ауыл тұрғындарының спортпен шұғылдану көрсеткішін кем дегенде екі есе арттыруға болады», - деді Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Қанағатов Елсияр Баймұхамедұлы.
« «3.2.1 Старт!» жобасының арқасында Аршалы ауданының командасы бір жыл ішінде облыс көлеміндегі спорттық жарыстар деңгейінде орасан зор серпіліс алды. Мысалы, «Ақ бидай» спартакиадасында балалар жалпы командалық есепте өз рейтингін 16-орыннан 11-орынға дейін көтерді, ал «Хрустальный колос» спартакиадасында көрсеткіштерін 7 позицияға жақсартып, облыс бойынша 10-орынға ие болды! Жоба Ақмола облысында бір жыл бойы жалғасуда. Қазір аудандағы 19 ауылдық мектептерде дене шынықтыру – балалардың асыға күтетін сабағы. Жаңадан жабдықталған спорттық залдарда жаттығулар кезегі сабақ кезінде де, одан кейін де үзілмейді», - деді Ақмола облысы Аршалы ауданының Ішкі саясат басқармасы Айнұр Өтеева.
А. Өтееваның сөзіне қарағанда, жобаның бірінші кезеңінде басты назар толық қамды денешынықтыру дәрістеріне қажет инфрақұрылымдық базаны құрастыруға бағытталды. Бүгінгі таңда, бірінші кезең нәтижелерін саралай отырып, жобаны жүзеге асыруды жалғастырып қана қоймай, бар күшті оның әдістемелік тұсына бағыттау көзделіп отыр.
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Елімізде ана мен балаға қандай әлеуметтiк қолдау көpсетiледi -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес» -
Халықты әлеуметтік қолдау: Жұмысшылар құқығы, жұмыспен қамту және осал топтарды қолдау шаралары