Елдік бағдарлама жобаларын жүзеге асыру АЭФ-2016 аясында талқыланады

13 Мамыр, 2016 11:59
Астана экономикалық форумының панельді сессияларының бірінде елдік бағдарлама жобаларын жүзеге асыру мынандай бағыттар бойынша талқыланады: мемлекеттік басқару жүйесінің дамуы қалай, инвестициялық климатты оңтайландыру, инновация енгізу, әлеуметтік саясатты күшейту мәселелері.

Сессияда талқыланатын маңызды тақырыптардың бірі кешенді елдік шолуды жүзеге асыру болмақ, деп хабапрлайды Форум ұйымдастырушылары.

Бұдан бөлек, сессия қатысушылары жобалардың жүзеге асу нәтижелерімен танысады және Қазақстан Республикасына ЭЫДҰ-ң ұсынымдарын енгізу перспективаларын талқылайды.

Еске сала кетейік, 2016-шы жылдың Астана экономикалық форумы биыл мамыр айының 25-26-ы күндері өтеді. Ондағы негізгі тақырып: «Жаңа экономикалық нақтылық: әртараптандыру, инновация және білім экономикасы». Форумның негізгі спикерлері экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауераттары, белгілі кәсіпкерлер және жетекші сарапшылар болады. АЭФ-ң ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі; «Астана-ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ-ы; Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі; Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы; Қазақстанның ұлттық  жаратылыс тану ғылым академиясы; Қазақстан Республикасының ғылыми және технологиялық ұйым ассоциациясы; «Жасыл академия» ғылыми-біоім беру орталығы; Nazarbayev University; Кэмбридж Университетінің Cavendish Laboratory-сы.

Барлық жаңалықтар