Әділет министрі Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

13 Мамыр, 2016 11:02
Премьер-Министр бекіткен 2016 жылға арналған орталық атқарушы органдар басшыларының халықтың және қоғамдық кеңестердің алдында есеп беру кестесіне сәйкес бүгін Әділет министрлігінде Әділет органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өткізіліп, онда Әділет министрі Имашев Берік Мәжитұлының есебі тыңдалды, деп хабарлады ведомство.

Қоғамдық кеңес негізінен тәжірибиелі заң саласының өкілдерінен тұрады.

Оның құрамына қоғам және мемлекет қайраткерлері, танымал адвокаттар, төрелік қызметкерлері, сенім білдірілген өкілдер, білімімен, практикалық тәжірибиесімен құқықтық саладағы қызметте барабар баға беріп, ұсыныстар ұсына алатын басқа да заңгерлер енгізілді.

Қоғамдық кеңес отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.А.Смағұлов, Г.М.Ихсанова және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы В.А.Калюжный қатысты.

Министрдің есебін тыңдау бойынша өткізілген отырыс облыстық әділет департаменттері басшыларының, сот және сот медициналық сараптама бөлімшелері директорлары қатыстуымен бейнебайланыс режимінде өткізілді.

Есеп беру барысында Министр ведомствоның 2015 жылғы және 2016 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жұмысын қортындылады.

Мемлекет басшысының және Үкіметтің актілер жобаларына заң сараптамасын жүргізу қызметі бағытында маңыздылығы жөнінен кем түспейтін ауқымды жұмыс жүргізілді. Тек 2015 жылы 1 823 құжат түсті, олардың: 1 568-і – Үкімет қаулысының жобалары, 161-і – Президент жарғысының жобалары, 94-і – Премьер-Министр өкімінің жобалары.

2015 жылға арналған Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттері орындалуының пайызы 2015 жылы 90,8% құрады.

Бұл ретте, Әділет министрлігіне бекітіліп берілген индикаторлар (кәсіпорындарды тіркеу – 21- орын; меншікті тіркеу – 19-орын; келісімшартты орындау – 9-орын) бойынша жиынтығында 45-позицияға көтерілуге қол жеткізілді, ал бұл Қазақстан Республикасының жалпы рейтингтегі көрсеткіштерін 41 пайызға жақсартуға алып келді.

Сонымен қатар, Министр бүгінде қоғамдық бақылау рөлінің күшеюіне орай Қоғамдық кеңес әділет органдары қызметінің көптеген бағыттарында саясатты қалыптастыруға толық құқықты қатысушы бола алады. Бұл тұрғыдан алғанда Қоғамдық кеңес мүшелерінің тәжірибесі мен білімін Министрлік қызметінің негізгі мәселелерін шешуде ұтымды және тиімді пайдалануға болатынын атап өтті.

 

 

Барлық жаңалықтар