Астанада МЖӘ-ні қала қалдықтарын басқару саласында қолдану жоспарлануда

13 Мамыр, 2016 10:24
Астанада қала қалдықтарын басқару саласында мемлекеттік жеке меншік әріптестікті енгізу бойынша семинар кеңес өтті. Шараны «Қазақстандық мемлекеттік жеке меншік серіктестік орталығы» АҚ ұйымдастырды.

«Қазақстандық мемлекеттік жеке меншік серіктестік орталығы» АҚ   басқарма төрағасының орынбасары Ғалымбек Мамраев  атап өткендей, бүгін Қазақстанда қоқыыстарды тиімді жою мәселесі қарастырылуда, бұл ел тұрғындары мен мемлекетке тікелей байланысты.

«Әр түрлі дамыған елдерде экономиканың аталмыш саласы үлкен табыс әкеледі, сондықтан бізге үздік әлемдік тәжірибені енгізген жөн. Дамыту саласына МЖӘ жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. МЖӘ жобаларында мемлекет жобаны жүзеге асыратын жер сыйлай алады, инвестицялық және операциялық шығындардың құнын өтей алады», - деді Г.Мамраев.

Өз кезегінде, БҰҰДБ – Жаһандық экологиялық қоры жобалар менеджері  Александр Белый  айтқандай, қалдықтарды басқару саласына инвестиция тарту  - әр түрлі тауар жасаудың таза шикізаты.

«Қалдықтарды өңдеу – қала тұрақтылығы мен жергілікті пункттерді сақтау талабы, жаһандық қоршаған ортаға қосатын үлес», - деді ол.

Шара қорытындысы бойынша орталық және жергілікті органдар мен бизнес-құрылымдардың өкілдерін талқылау жоспарланған.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар