• Басты
  • Жаңалықтар
  • Теміржол жолаушылар көлігі туралы жаңартылған заң инвестицияларды тарту үшін тиімді құқықтық базаны құрады – прокуратура

Теміржол жолаушылар көлігі туралы жаңартылған заң инвестицияларды тарту үшін тиімді құқықтық базаны құрады – прокуратура

12 Мамыр, 2016 13:46
Теміржол жолаушылар көлігі туралы заңға қабылданған түзетулер теміржол жолаушылар көлігін одан әрі дамыту үшін тиімді нормативтік-құқықтық базаны және салаға жеке инвестицияны тартуға септігін тигізеді, деп Маңғыстау көлік прокуратурасы хабарлайды.

Түзетулерді енгізу бірыңғай жүйесін ұйымдастыру жұмысын істеуі үшін құқықтық негіз жасау қажеттілігімен және ұзақ мерзімді жеке инвестицияны тартуда теміржол жолаушылар көлігін мемлекеттік реттеумен байланысты болды.

Осылайша, заң негізгі төрт мақсатты қойды.

«Бірінші - әлеуметтік маңызы бар хабарлар бойынша жолаушылар тасымалы үшін мемлекеттік субсидиялар тиімділігін арттыру»,-деді ведомство.

Екінші- теміржол жолаушылар тасымалына инвестициялар тарту үшін заңнамалық жағдай жасау.

Үшінші мақсаты, әлеуметтік маңызы бар хабарлар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасына мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыру.

Жолаушылардың тасымалдау бағасында мемлекеттік реттеу жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында заң мемлекеттік органның анықтауын көздейді. Төртінші- темір жол вагондары өндірісін ынталандыру үшін заңнамалық жағдай жасау.

«Заңнамамен вагондарды сатып алу кезінде несиелендіру және лизинг бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялауға арналған талаптар қамтамасыз етіледі»,-делінген ведомствода.

Жалпы алғанда, қабылданған түзетулер теміржол жолаушылар көлігін одан әрі дамыту үшін тиімді нормативтік-құқықтық базаны жасап, салаға жеке инвестицияларды тартады.

Естерінізге сала кетейік, 2016 жылдың 9 сәуір айында Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне теміржол жолаушылар көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар